15.07.2022, 15:34 33811

Тоқаев инновацияларды ынталандыру және цифрландыруды дамыту мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Тоқаев инновацияларды ынталандыру және цифрландыруды дамыту мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды
НҰР-СҰЛТАН. 15 ШІЛДЕ - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
 
Естеріңізге сала кетейік, 28 маусымда Сенат депутаттары заңды екі оқылымда қарап, қабылдады.
 

Қабылданған заң басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде инновациялық цифрлық технологияларды пайдалануды кеңейту үшін заңнамалық база құруға бағытталған. Заңда, сондай-ақ, ауылдық жерлердегі байланыс сапасын арттыру және азаматтар мен бизнестің мемлекеттік қызметтерді алуға жұмсайтын шығындарын азайту жөніндегі шаралар көзделген", - деп түсіндірді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны