05.01.2022, 07:25 1191

ТОҚАЕВ ҮКІМЕТТІҢ ОТСТАВКАҒА КЕТУІН ҚАБЫЛДАДЫ

ТОҚАЕВ ҮКІМЕТТІҢ ОТСТАВКАҒА КЕТУІН ҚАБЫЛДАДЫ
НҰР-СҰЛТАН. 5 ҚАҢТАР - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің орнынан түсуі туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын", - делінген Ақорда сайтында жарияланған Жарлық мәтінінде.

 
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Әлихан Асханұлы Смайыловқа жүктелді.
 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін", - делінген құжатта.

 
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны