27.04.2021, 23:56 7555

Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерімен ұлтаралық келісімді нығайту мәселелерін талқылады

Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері саясаттанушы Марат Шибұтовпен және "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, жазушы Дәурен Қуатпен бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.
НҰР-СҰЛТАН. 27 СӘУІР - Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері саясаттанушы Марат Шибұтовпен және "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, жазушы Дәурен Қуатпен бірқатар өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысымен кездесуде Марат Шибұтов еліміздің аумақтық даму мәселелері жөніндегі көзқарасымен бөлісті. Сонымен қатар ақпараттық-сараптамалық орталықтардың, қоғамдық кеңестердің жұмысын жандандыру туралы ұсыныстарын айтты.
 

Саясаттанушы мемлекет пен қоғамның ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту бағытында бірлесіп атқаратын жұмыстары туралы ойын жеткізді", - деп атап өтті Ақорданың баспасөз қызметінде.

 
Дәурен Қуат Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының ахуалы, оның ішінде, "Қазақ әдебиеті" газетінің бүгінгі жағдайы жайында айтты. Сондай-ақ қазақ тіліндегі әдебиетті және баспа ісін қолдау жөніндегі ойымен бөлісті. Оның ішінде балалар әдебиетін дамыту туралы айтылды. 
 
Бұдан бөлек кездесуде отандық және шетелдік тарихшылар арасында тұрақты байланысты қамтамасыз ету мәселесі көтерілді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны