01.07.2022, 16:28 27041

Тоқаев митрополит Александрды қабылдады

Президент қыркүйек айында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтетінін айтты.
Тоқаев митрополит Александрды қабылдады
Сурет: akorda.kz
НҰР-СҰЛТАН. 1 ШІЛДЕ - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Мемлекет басшысы Қазақстан митрополиттік аймағының этносаралық және конфессияаралық диалогты дамыту, адамгершілік құндылықтарды ілгерілету жолында ауқымды жұмыс атқарып жатқанын атап өтті", - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 
Президент қыркүйек айында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтетінін айтты. 
 
Оның басты тақырыбы – адамзаттың пандемиядан кейінгі кезеңдегі рухани және әлеуметтік дамуында діни көшбасшылардың атқаратын рөлі. Қасым-Жомарт Тоқаев Патриарх Кириллдің аталған форумға қатысуы жаһандық дінаралық және өркениетаралық диалогқа тың серпін беретініне сенім білдірді. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны