09.09.2021, 21:01 14427

Тоқаев Мырзағалиевті Энергетика министрі лауазымына тағайындады

НҰР-СҰЛТАН. 9 ҚЫРКҮЙЕК - Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрін тағайындады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Президенттің Жарлығы Ақорданың сайтында жарияланды.
 

Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылсын", - делінген құжатта.

 
Бұған дейін Мырзағалиевтің кандидатурасы Мәжілістің экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің отырысында бекітілген болатын.
 

Мәжілісте енгізілген министрлерді келісу рәсіміне сәйкес, Мағзум Мырзағалиев депутаттардың сұрақтарына жауап беріп, жұмысты ұйымдастыру туралы өзінің көзқарасын айтты. Атап айтқанда, Мәжіліс депутаттары ел басшылығының бейбіт атомға көшу туралы мәселені қарау жөніндегі тапсырмасына, газдандыру және жаңартылатын энергетика мәселелерінің маңыздылығына тоқталып, осы аталған сала бойынша бірқатар сұрақтар қойды. Нәтижесінде, комитет отырысы бойынша тиісті қорытынды әзірленді", - деп хабарлайды төменгі палатаның баспасөз қызметі.

 
Мағзұм Мырзағалиев 42 жаста, үйленген, бес бала тәрбиелеп отыр. 
 
1999 жылы "Тұран" университетін "Халықаралық экономист"мамандығы бойынша бітірген. 
 
2003 жылы - Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық Академиясын халықаралық экономист мамандығы бойынша бітірген.
 
Сонымен қатар Шаймерден Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде мұнай-газ кен орындарын игеру бойынша білім алды. АҚШ пен Малайзияда тағылымдамадан өткен.
 
2001-2004 жылдары - Теңіз және Батыс Сібір кен орындарының МiDrillingFluidsInternational (Schlumberger) бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженері.
 
2004-2007 жылдары - MIDrillingFluidsInternational бизнесті дамыту жөніндегі менеджер, өндіріс жөніндегі менеджер, Ақтау филиалының басшысы.
 
2007-2010 жылдары - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының "ТеңізСервис" ЖШС бас директоры.
 
2010-2012 жылдары - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарушы директоры.
 
2012-2013 жылдары - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары.
 
2013-2014 жылдары - Қазақстан Республикасының мұнай және газ вице-министрі. 
 
2014-2019 жылдары - Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі.
 
2019 жылғы маусымнан бастап Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі болды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны