31.10.2022, 17:01 23516

Тоқаев Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Тоқаев Нарендра Модиге Үндістанның Гуджарат штатында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.
Астана. 31 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Үндістанның Гуджарат штатында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 

Үндістанның Гуджарат штатында жаяу жүргінші көпірінің құлауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Осы қайғылы оқиғаға байланысты Үндістан халқына және үкіметіне көңіл айтамын. Сондай-ақ жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақтасып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", – деп жазылған жеделхатта.

 
Бұған дейін Тоқаев Сеулдегі қайғылы оқиғаға байланысты Оңтүстік Корея басшысына көңіл айтқан болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны