27.05.2022, 18:20 32446

Тоқаев Польша Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Президенттер биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы атап өтілетінін айтты.
Тоқаев Польша Президентімен телефон арқылы сөйлесті
НҰР-СҰЛТАН. 27 МАМЫР - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Польша тарапының бастамасы бойынша Президент Анджей Дудамен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Президенттер биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы атап өтілетінін айтты. Тарихи өлшем бойынша осы қысқа мерзім ішінде Қазақстан мен Польша өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді", - деп хабарлайды Ақорда.

 
Сондай-ақ тараптар саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ықпалдастықты дамытудың перспективаларын талқылады. Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
 
Әңгімелесу соңында президенттер өзара мүддені көздейтін кең ауқымды бағыттар бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екенін растады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны