22.06.2022, 16:39 13091

Тоқаев Путинмен қарым-қатынасын жақын деп атады

Мемлекет басшысы Ресей Қазақстанның сенімді одақтасы болып табылатынын атап өтті.
ДОХА. 22 МАУСЫМ - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар экономикалық форумының панельдік сессиясы барысында Ресей Президенті Владимир Путин әлі де Қазақстанның сенімді одақтасы екенін мәлімдеді.
 

Иә, ол (Владимир Путин - авт.еск.) - әлі де Қазақстанның сенімді одақтасы. Өз елімнің Президенті ретінде Путинмен тығыз қарым-қатынаста болғаныма өте қуаныштымын", - деді Мемлекет басшысы Bloomberg Television жүргізушісі Манус Крэннидің сұрағына.

 
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы жеке әңгімеде Қазақстанның Донецк пен Луганск мәселесі бойынша ұстанымы туралы айтқан сөзіне ешқандай реакция білдірмегенін мәлімдеді.
 
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны