02.11.2022, 17:08 38361

Тоқаев "Рақымшылық жасау туралы" Заңға қол қойды

Тоқаев "Рақымшылық жасау туралы" Заңға қол қойды
Сурет: Depositphotos
Астана. 2 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
 
Естеріңізге сала кетейік, қазан айының соңында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары қаңтар оқиғаларының бірқатар қатысушыларына қатысты қылмыстық істерді тоқтатуды көздейтін "Рақымшылық жасау туралы" заң жобасын мақұлдады.
 
Құжатта қазақстандықтарды қылмыстық теріс қылықтары мен ауырлығы аз және орташа қылмыстары үшін жазадан босатуды көздейтін нормалар жазылған. Мұндай қылмыстар үшін жазасын өтегендерден соттылығы алынады.
 
Ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға: ауыр қылмыстар үшін – сот тағайындаған мерзім төрттен үшке, ал аса ауыр қылмыстар үшін жартысына қысқарады.
 
Бұдан басқа, заңда босатылатын адамдарды қайта әлеуметтендіру, яғни жұмысқа орналастыру, медициналық көмек көрсету және құжаттарды ресімдеу шаралары қарастырылған.
 
Бұл ретте азаптаулар жасаған адамдар, террористер, экстремистер, рецидивистер және тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар рақымшылыққа жатпайтынын атап өткен жөн.
 

Қабылданған заң Мемлекет Басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында берген тапсырмасын орындау мақсатымен әзірленді. Заң "Қасіретті қаңтар" оқиғасы кезінде тәртіпсіздіктермен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарға барған азаматтарды қылмыстық жауаптылықтан босатуды және олардың жаза мерзімдерін қысқартуды көздейді. Сонымен қатар, заңда рақымшылық жасауды қолдану шарттары, тәртібі және ол қаңдай адамдарға қолданылмайтыны туралы нақты нормалар белгіленген. Бұл заңды тәртіп бұзуға жол берген адамдарға қатысты қоғам мен мемлекет тарапынан жасалған гуманистік қадам деп қабылдаймыз. Бұдан былай осындай қайғылы оқиғалар елімізде ешқашан қайталанбайды деп сенеміз", – деді Мәулен Әшімбаев.

 
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта тергеудегі немесе сотталған 1520 адамға рақымшылық жасалады, оның ішінде: сотқа дейінгі тергеу кезеңінде - 391 қылмыстық іс бойынша 383 күдікті; сот өндірісінде - 36 іс бойынша 102 күдікті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны