16.09.2022, 15:42 41466

Тоқаев ШЫҰ-ның әскери-саяси саладағы ынтымақтастығын арттыруды ұсынды

Тоқаев ШЫҰ-ның әскери-саяси саладағы ынтымақтастығын арттыруды ұсынды
САМАРКАНД. 16 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерге әскери-саяси салада өзара іс-қимылды арттыруды ұсынды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ұйымның негізгі міндеті аймақтық қауіпсіздікті нығайту болып қала береді. Аталған өзекті салада бірлесе қызмет етуді көздейтін бұрын қабылданған құжаттарды іске асыруды жалғастыру қажет. Сондықтан қорғаныс ведомстволары мен арнайы қызметтер арасында әскери-саяси ынтымақтастықты арттыруды ұсынамын", - деді Тоқаев жұма күні ұйымның саммитінде сөйлеген сөзінде.

 
Қазақстан басшысы ШЫҰ-ны әлемдегі ең табысты халықаралық бірлестікке айналғанын айтты.
 
Оның айтуынша, ұйымның идеялық және институционалдық негіздерінде кереғарлық пен блоктарға бөлінушілік жоқ. Бұл ШЫҰ-ның халықаралық беделі мен танымалдығының артуына ықпал етті.
 

Сондықтан ШЫҰ үдерісіне қатысатын елдердің географиясы жылдан жылға кеңейіп келеді. Бұл – Ұйымның жоғары сұранысқа ие екенінің айқын дәлелі. Менің пікірімше, ШЫҰ қазір әлемдегі ең табысты халықаралық ұйым", - деп атап өтті Тоқаев.

 
Еске сала кетейік, саммит Өзбекстанда 15-16 қыркүйекте өтуде.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны