16.09.2022, 15:22 32701

Тоқаев: ШЫҰ қазіргі заманның ең өзекті мәселелерін шешуге үлес қосуы керек

Тоқаев ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысына қатысты.
Тоқаев: ШЫҰ қазіргі заманның ең өзекті мәселелерін шешуге үлес қосуы керек
САМАРКАНД. 16 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке қонақжайлығы мен Самарқандтағы ШЫҰ-ның кезекті саммитін жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты. 
 

Қазақстан Президенті ШЫҰ өзінің әмбебаптығы мен өзара ынтымағының арқасында қазіргі заманның ең өзекті мәселелерін шешуге елеулі үлес қоса алады және қосуға тиіс деп есептейді. Мемлекет басшысы шағын құрамдағы отырыста ШЫҰ қызметінің қазіргі кезеңдегі басым бағыттары туралы көзқарасын білдірді", - деп хабарлайды Ақорда.

 
Сондай-ақ кездесуде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди, Қытай Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Ресей Президенті Владимир Путин және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон сөз сөйледі.
 
15-16 қыркүйекте Самарқандта Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтуде. "Ұжымдық Шығыстың" қалыптасуы немесе ШЫҰ саммитінен не күту керек.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны