12.07.2021, 22:34 10161

Тоқаев сот жүйесіне сауатты мамандарды тартуды тапсырды

Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады.
НҰР-СҰЛТАН. 12 ШІЛДЕ - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жоғары сот кеңесінің биылғы жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндалды.
 
Сонымен қатар Президентке әкімшілік әділет соттарының кадрлармен қамтамасыз етілуі жөнінде мәлімет берілді.
 

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Денис Шиппке сот корпусын одан әрі жаңғыртуға және сот жүйесіне мейлінше сауатты әрі құзыретті мамандарды тартуға септігін тигізуі тиіс бірқатар міндет жүктеді", - деп хабарлайды akorda.kz.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны