29.06.2021, 23:45 10751

Тоқаев Түрікменстанға ресми сапармен келуге шақыру алды

Мемлекет басшысы шақыруды қабыл алды және биыл күзде Ашхабадта өтетін VI Каспий саммитіне қатысуға дайын екенін жеткізді.
НҰР-СҰЛТАН. 29 МАУСЫМ - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Мемлекет басшылары достыққа, тату көршілікке және стратегиялық серіктестікке негізделген қазақ-түрікмен қатынастарының мызғымас сипатын нақтылап, екіжақты ықпалдастықтың ауқымды мәселелерін талқылады. Гурбангулы Бердімұхамедов жан-жақты ынтымақтастыққа тың серпін беру мақсатымен Қасым-Жомарт Тоқаевты биыл Түрікменстанға ресми сапармен келуге шақырды. Аталған сапар аясында бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылмақ. Мемлекет басшысы шақыруды қабыл алды және биыл күзде Ашхабадта өтетін VI Каспий саммитіне қатысуға дайын екенін жеткізді", - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 
Сонымен қатар тараптар өңірлік ықпалдастықты жандандыруға, Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты алдағы ұжымдық шаралар жайында пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кезекті консультативтік кездесуін Түрікменстанда өткізу жөніндегі Гурбангулы Бердімұхамедовтің ұсынысын қолдады.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовті туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанды өркендету жолындағы аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны