14.07.2022, 16:20 48871

Тоқаев цифрлық даму министрі Мусинге ескерту жасады

Тоқаев цифрлық даму министрі Мусинге ескерту жасады
Сурет: primeminister.kz
НҰР-СҰЛТАН. 14 ШІЛДЕ - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің Ұлттық деректер банкін құру жөніндегі жұмысын қанағаттанарлықсыз деп атады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

Жалпы, цифрландыру баяу жүріп жатыр, менің ойымша, қанағаттанарлықсыз. Мен Есеп комитеті сынға алған "Зерде" Ұлттық холдингінің жұмысын жақсартуды тапсырдым. Премьер-Министр цифрландыру кураторы ретінде бұл мәселеге ерекше назар аударғаны жөн. Министрге ескерту жасаймын. Менің ойымша, сіз қанағаттанғысыз жұмыс істеп, Премьер-Министрдің жұмыс көрсеткішін кері тартып келесіз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны