21.03.2021, 16:00 13760
Тоқаев қызғалдақты Қазақстанда Наурыздың символына айналдыруды ұсынды
Ел ұғымында қырдың қызғалдағы – нағыз көктемнің нышаны. Осы орайда, қызғалдақ гүлін Ұлы даладағы Ұлыстың Ұлы күнінің басты белгісі ретінде бекітуге болады", - делінген құттықтауда.
Мемлекет басшысы атап өткендей, Наурыз – ағайынды бауырмалдыққа, көрші-қолаңды татулыққа шақыратын береке-бірліктің мерекесі. Бұл туралы Ұлы Абай "Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып" деп жырлаған.
Мейрамның терең философиялық мазмұны жақсылықты ешқашан ұмытпай, қайырымдылықтың қадірін білуге және табиғатпен үндестікте өмір сүруге үндейді", - деп атап өтті Президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
18.07.2025, 18:47 47651
2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар шамамен 304 млрд теңге сомасына жәрдемақы алды
2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен орта есеппен 857,9 мың отбасы жалпы сомасы 304,8 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен - 615,4 мың отбасы 265,8 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен - 242,5 мың адам 39 млрд теңгеге қамтылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
2025 жылдың маусым айында жоғарыда аталған жәрдемақылармен 867,4 мың отбасы жалпы сомасы 51,3 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен 623,5 мың отбасы 44,8 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен 243,9 мың адамға 6,5 млрд теңге мөлшерінде қамтылды.
Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы:
- 4 баласы бар отбасыларға - 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;
- 5 балаға - 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;
- 6 балаға - 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;
- 7 балаға - 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;
- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға - әр балаға 4 АЕК немесе 15 728 теңге мөлшерінде төленді.
Наградталған анаға берілетін жәрдемақы "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.
Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:
Күміс алқа" алқасымен наградталған аналарға - 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;
Алтын алқа" алқасымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға - 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артқанын атап өтеміз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.07.2025, 18:44 47626
Қазақстанда суды тазартуға арналған мембраналардың отандық өндірісі құрылды
Қазақстанда алғаш рет кері осмос технологиясы бойынша суды тазарту жүйелеріне арналған спиральді-оралған мембраналардың толыққанды сериялық өндірісі іске қосылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінен.
MEMBRANECO жобасын "Экотэк Инжиниринг" компаниясы Сәтбаев университетімен бірлесе отырып, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асырды.
Өндірістік желілер "Алатау" арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Кәсіпорын өнімнің өмірлік циклін цифрлық бақылауға арналған RFID белгілерімен жабдықталған алғашқы өнім партиясын шығарып үлгерді және өндірісті кеңейтуге дайын.
Бұған дейін су дайындауға арналған барлық мембраналар шетелден жеткізілетін. Енді ғылым мен бизнестің және мемлекеттің, атап айтқанда, Ғылым және жоғары білім министрлігінің ынтымақтастығы арқасында қазір қазақстандық мембраналарды шығару жолға қойылды. Ол Маңғыстау сынды өңірлерде суды тазарту мен тұщыту үшін қолданылатын болады.
Бүгін аталған кәсіпорында "Самұрық-Қазына Контракт" АҚ тарапы өзара міндеттемелердің орындалуына жоспарлы мониторинг жүргізді. Мониторинг тобы жобаның сәтті түрде жүзеге асырылуын жоғары бағалады, сөйтіп барлық құжатқа ешқандай ескертусіз қол қойды.
Біз Қазақстанның индустриялық әлеуетінің дамуына үлес қоса алғанымызға өте қуаныштымыз. Мониторингтен сәтті өту - ұлттық компаниялармен өзара әрекетіміздің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ете отырып, ауқымды жобаларды жүзеге асыруға дайын және қабілетті екенімізді көрсетті", - деді "Экотэк Инжиниринг" компаниясының басшысы Ануар Дукумбаев.
Сәтбаев университеті тек ғылыми сараптама жасап, зертханалық база мен өндірістік алаңдарды ұсынып қана қоймай, сонымен қатар кәсіпорынның тең құрылтайшысы атанды.
Бизнес пен технология тоғысында жүзеге асырылатын мұндай жобалар инженерлік білім беру экожүйесінің маңызды бөлшегіне айналып отыр. Бұл қазіргі жұмыс істеп тұрған өндіріс базасында мамандарды даярлауға ғана емес, сондай-ақ ғылыми инфрақұрылымға қосымша инвестиция тартуға да мүмкіндік береді", - деді Сәтбаев университетінің проректоры Сапар Шалабаев.
Мониторингтік топ жұмысының қорытындысы бойынша "Самұрық-Қазына" АҚ-ның еншілес компанияларына жоба операторымен оффтейк-келісімшарт жасау ұсынылды. Бұл - ұлттық экономиканың негізгі қатысушылары тарапынан көрсетілген сенімнің белгісі және өнімге тұрақты сұранысты қамтамасыз ететін маңызды қадам.
Біз отандық өндірісті дамытуға және елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі технологиялық әлеуетін нығайтуға бағытталған бастаманы қолдауға әрдайым дайынбыз. Бұл біз үшін жай ғана өндіріс орнын ашу емес, бұл - ұлт денсаулығына, экологиялық тұрақтылыққа және Қазақстанның ғылыми-техникалық прогресіне қосқан үлесіміз", - деді "Самұрық-Қазына Контракт" компаниясы оффтейк-келісімшарт департаментінің жетекші менеджері Динара Түменова.
Қазіргі уақытта өндіріс көлемін ұлғайту, сүзгілеу элементтерінің түрлерін көбейту және Орталық Азия, Кавказ, Ресей мен Түркия нарығына экспортқа шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.07.2025, 18:40 47941
Қазақстан президенті жаңа Салық кодексіне қол қойды
Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Салық кодексі салықтық әкімшілендіруді жаппай жеңілдетуді көздейді. Атап айтқанда, салық есептілігінің көлемі 30 пайызға қысқарады, салықтардың саны 20 пайызға азаяды, жеңілдіктер мен алымдар оңтайландырылады. Елеулі өзгерістер корпоративтік және жеке табыс салықтарынан бастап инвестицияларды ынталандыру және салық жүктемесін қайта бөлу секілді барлық негізгі бағытты қамтиды.
Қосылған құн салығының (ҚҚС) жаңа базалық мөлшерлемесі 16 пайыз болып бекітілді. Дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтерге төмендетілген ҚҚС мөлшерлемесі белгіленді: 2026 жылдан 5 пайыз, 2027 жылдан 10 пайыз.
Бұл ретте Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) мен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясындағы қызметтер, Үкімет айқындайтын тізбе бойынша орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу, сондай-ақ баспа түріндегі кітап шығару, археологиялық жұмыс жүргізу қызметтері ҚҚС-тан босатылады.
Мерзімді баспа басылымдарды өткізу бойынша 10 пайыз деңгейінде төмендетілген ҚҚС мөлшерлемесі белгіленеді. ҚҚС бойынша міндетті есепке қою үшін айналымның төменгі шегі 10 мың айлық есептік көрсеткішке дейін (40 миллион теңге) төмендетіледі.
Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорынан (БЗЖҚ) төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады. Пайдаланылу мерзімі 10 жылдан жоғары автомобильдер үшін көлік құралы салығы төмендетілді. Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік салықтық шегерімдер 882-ден 5000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.
Салықтардың саны азайды: бірыңғай жер салығы қысқартылды, жеке төлемақылар бойынша мөлшерлемелер мен алымдардың саны кемітілді.
Арнаулы салық режимдері оңтайландырылды. Енді олар үш жағдайда қолданылады: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оңайлатылған декларация негізінде және шаруа қожалықтары үшін.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар төлемдерді мобильдік қосымша арқылы есептеп, төлей алады.
Корпоративтік табыс салығы (КТС) 20 пайыз деңгейінде сақталады. Алайда сараланған салықтық мөлшерлеме енгізіледі. Атап айтқанда, банктер (бизнес субъектілерін кредиттеуді қоспағанда) мен ойын бизнесі үшін - 25 пайыз. Әлеуметтік сала ұйымдары үшін 2026 жылы 5 пайыз мөлшерінде белгіленіп, 2027 жылы 10 пайызға дейін ұлғаяды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 3 пайыз жеңілдетілген мөлшерлеме қалады.
Қор нарығын ынталандыру үшін биржалық құнды қағаздарға төленетін дивиденттерге салық жеңілдіктері сол күйі сақталады. "Бәйтерек" холдингі шығарған құнды қағаздардан түсетін кіріс 2031 жылға дейін КТС-тен босатылады. Пайдалы қазбаларды өңдеу мен геологиялық барлау саласы үшін қосымша преференциялар қарастырылған. Атап айтқанда, тиімділігі төмен жаңа учаскелер 5 жылға пайдалы қазбаларды өндіру салығынан босатылады.
Жеке табыс салығының (ЖТС) прогрессивті мөлшерлемесі енгізіледі.
Жылдық жалпы табысы 8500 айлық есептік көрсеткіштен асатын азаматтарға 15 пайыз салық мөлшерлемесі қолданылады. Сол сияқты дивиденттері мен табыс көлемі жылына 230 мың АЕК-тен асатын кәсіпкерлер осындай мөлшерде салық төлейді. Ал фермерлердің осы межеден асатын табысына бұрыннан сақталған 70 пайыз жеңілдікті есепке ала отырып, 4,5 пайыз салық салынады.
Жеке тұлғалар үшін қымбат өнімдерге, атап айтқанда құны 75 миллион теңгеден асатын автокөліктерге, құны 100 миллион теңгеден асатын кемелерге, әр литрінің құны 500 мың теңгеден асатын алкогольге, әр данасының құны 10 мың теңгеден асатын темекі өнімдеріне 10 пайыз акциз түрінде салық салынады. Сонымен қатар жалпы құны 450 миллион теңгеден асатын жылжымайтын мүлік нысандарына мүлік салығы жоғарылайды.
Салықтық әкімшілендіру тәсілдері айтарлықтай өзгереді. Камералдық бақылау ескерту сипатында болады. Салықтық берешекті өндіріп алу, төлемді кейінге қалдыру және бөліп төлеу мүмкіндігін беру процедуралары жеңілдетіледі. Салық берешегі аз болса, бизнестің есепшоттары бұғатталмайды. Қарыз сомасына қарай ескерту және басқа да шаралар кезең-кезеңімен қолданылады.
Кодекс 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.07.2025, 14:12 53071
Қазақстандық су саласы мамандарының үшінші легі Қытайға оқуға аттанды
Қытайға екі апталық курсқа 31 маман аттанды. Бұған дейін көршілес елде 30 адамнан тұратын екі топ білім алған болатын. Жалпы биыл Қытайда қазақстандық су саласының 121 маманы біліктілігін арттырады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Оқу Қытай тарапының қаражаты есебінен ұйымдастырылды, оған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінен қаражат бөлінбеген.
Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігі Қытаймен бірлескен оқыту бағдарламасын жалғастыру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.
Сәуір және мамыр айларында біз Қытайға 30 адамнан тұратын екі топ жібердік, олар оқуларын сәтті аяқтады. Ал үшінші топтың құрамында су саласының 31 маманы Қытайға су ресурстарын басқару және ағынды суларды тазарту тақырыбындағы курсқа аттанды. Бұл оқулар Президент Жолдауында айтылған, су саласына білікті мамандарды жүйелі түрде дайындау қажеттілігіне байланысты қолға алынған шаралардың бірі",- деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.07.2025, 13:19 54086
Қазақстанда жасанды интеллект құралдары мемлекеттік органдардың қызметіне енгізілуде
Премьер-министр Олжас Бектенов Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Онда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске қосылған суперкомпьютер негізінде жасанды интеллект экожүйесін дамыту бағыттары қаралды. QazTech платформасы базасында салалар мен мемлекеттік органдардың жұмысын одан әрі цифрлық трансформациялауға назар аударылды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ЖИ инфрақұрылымын құру туралы баяндады. Оның айтуынша мемлекеттік органдардың деректерді өңдеу орталығы таяуда іске қосылған суперкомпьютерге кіріктірілді. Қазақстанда институционалдық ортаны қалыптастыру үшін 2024-2029 жылдарға арналған ЖИ-ді дамыту Тұжырымдамасы бекітілді, "Жасанды интеллект туралы" заң жобасы әзірленді. ЖИ саласында кадрлар даярлау үшін AI Corporate, TUMO Center, AI People және тағы да басқа білім беру бағдарламалары іске асырылады. E-agent, egov AI, AI-терапевт, tax helper, SDU және E-аудармашы сияқты әзірленіп жатқан цифрлық шешімдер туралы мәліметтер тыңдалды.
Отырыс барысында салаларды цифрлық трансформациялау қарқыны қаралды. QazTech ұлттық платформасы цифрлық өнімдерді жедел құруға арналған. Министрдің айтуынша, цифрландырудың платформалық моделін енгізу жаңа IT-шешімдерді іске қосу мерзімін 1,5-3 жылдан 6 айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Платформа бірыңғай стандарттарды, security by design қағидаты бойынша қауіпсіздікті және бұлтты технологияларды қолдануды қамтамасыз етеді. QazTech сынақтары ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес аяқталды, толық іске қосу тамыз айына жоспарланған. Бүгінгі таңда QazTech платформасында мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет-порталы, Smart Bridge, Экология және табиғи ресурстар министрлігіне тиесілі Қоршаған ортаның ұлттық мәліметтер базасы және тағы басқалар жұмыс істейді.
Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде барлық мемлекеттік органдар бір уақытта озық халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, соның ішінде Сингапур тәжірибесін қоса алғанда, цифрлық трансформация карталарын әзірлеуде. Бұл карталар жасанды интеллект пен заманауи технологияларды қолдана отырып, негізгі процестерді жеңілдетуге және жеделдетуге бағытталған. Басты назар ескірген процедураларды қайта өңдеуге, деректерді цифрландыруға, сондай-ақ, E-Otinish, 109 және әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен азаматтардың сұраныстарын қайта өңдеуге аударылған. Карталар шеңберінде негізгі басымдық үдерістердің реинжинирингіне және жасанды интеллектті қоса алғанда, перспективалы технологияларды енгізуге берілген.
Премьер-министр іске қосылған суперкомпьютерді қоса алғанда, құрылып жатқан ЖИ ұлттық инфрақұрылымы мемлекеттік органдардың қызметіне жасанды интеллект енгізу жөніндегі жұмысты жандандыра түсуде үлкен мүмкіндіктер беретініне назар аударды. Олжас Бектенов бір айдың ішінде цифрлық трансформация карталарына қатысты жұмысты аяқтауды тапсырды. Олар ЖИ-ды интеграциялауға негізі болмақ, сондай-ақ бизнеске де мемлекеттік деректер базасында өз жобаларын жасауға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.07.2025, 10:15 54326
Ақтауда 197 млн теңге жалақы қарызы қызметкерлерге қайтарылды
Ақтауда 197 млн теңге жалақы қарызы қызметкерлерге қайтарылды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Ақтау қаласының прокуратурасымен "Mangystau Oil Refining" ЖШС-де жалақы төлеу заңдылығы бойынша талдау жүргізілді.
2025 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында кәсіпорында 241 жұмыскерге жалақы төленбегені анықталды, жалпы берешек сомасы 197 млн теңгені құрады.
Қабылданған қадағалау шараларының нәтижесінде жұмысшылар алдындағы берешек толық өндіріліп, жұмысшылардың конституциялық құқықтары қорғалды.
Өз кезегінде, жалақыны уақтылы төлемеген заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.07.2025, 10:13 54556
ЖАП салықтық және кедендік әкімшілендіру аудитінің қорытындысы бойынша 747 млн теңгеге заң бұзушылық анықтады
Қазақстанда салықтық және кедендік әкімшілендіру тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит аяқталды. Аудит қорытындылары Жоғары аудиторлық палатаның отырысында қаралды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының баспасөз қызметінен.
Мемлекеттік аудиторлар салықтық тексерулер саны мен қосымша есептеу сомаларының өсуіне қарамастан, жалпы тиімділіктің төмендегенін анықтады. Мәселен, қосымша есептеулердің 70%-ы кешенді тексерулер нәтижесінде орындалады. Тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБЖ) негізінде жүргізілетін тексерулердің нәтижесі Мемлекеттік кірістер комитетінің шешімі бойынша жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер мен қылмыстық істер шеңберіне жүргізілетін жоспардан тыс тексерулерге қарағанда төмен болып шықты.
ТБЖ негізінде іріктеп алынған 900-ден астам кәсіпорынды тексеру кезінде тек 46 млрд теңге қосымша есептелген. Іріктеуді автоматтандыру жүйесі жеткілікті дәрежеде тиімді емес. 2024 жылғы І жартыжылдыққа арналған жоспардан салық төлеушілердің 61%-ы, II жартыжылдыққа арналған жоспардан 97%-ы алынып тасталған.
Кедендік тексерулер бойынша да тиімділік төмендеген. Салықтық есептеулердің 70%-ы сыртқы экономикалық қызметтің бір қатысушысына ғана тиесілі. Тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жүргізілетін тексерулер де жоспардан тыс тексерулерге қарағанда едәуір төмен деңгейде.
Аудиторлық қорытындыға сәйкес, кедендік әкімшілендіру тауарларды әкелу кезінде техникалық регламенттердің талаптарын ескере бермейді. Мәселен, 2024 жылы Түркиядан киім-кешек әкелетін алты ірі импорттаушы $145 млн-ға тауар әкелген. Олар ЕАЭО елдерінде берілген 150 сертификатты ұсынған, алайда оның 104-і ресми тізілімдерде тіркелмеген. Бұл нарыққа жалған тауар әкелу тәуекелі бар екенін көрсетеді және халық денсаулығына қауіп төндіреді.
354 ірі салық төлеушіні мониторингтеу бойынша жұмыс жер қойнауын пайдаланушы 105 компанияға ғана қатысты тиімділігін көрсетті. Қалғандарына назар аудару қажет. Мәселен, есепті кезеңде тек
33 компанияға 35 хабарлама мен талап жіберілген. Соның небәрі алтауы нәтиже берген. Олар бойынша 643 млн теңге өндірілді. Бұл 249 ірі салық төлеушіден түсетін жалпы салық түсімдерінің 0,01%-ын ғана құрайды. Яғни мониторинг жұмысы жүйелеуді қажет етеді.
2024 жылы 420 млрд теңге қосылған құн салығы уақытылы қайтарылмаған. Бұл шамамен 5 млрд теңгеге жуық өсімпұл есептелу қаупін тудырады. Сондай-ақ 375 млн теңге көлемінде негізсіз ҚҚС қайтару фактілері анықталды.
Аудиторлар Қазақстан ЕАЭО елдері арасында таңбаланатын тауарлардың саны жағынан артта қалып отырғанын атап өтті. Республикада әлі күнге дейін қандай тауарларды бірінші кезекте таңбалау қажет екенін көрсететін бекітілген әдістеме жоқ.
Мысалы, 5 жыл бұрын темекі өнімдерін таңбалау енгізілді, алайда Қазақстанға заңсыз өнімдерді әкелу әлі де жалғасуда. 2024 жылы контрабандалық темекі өнімдерінің 16 млн астам қаптамасы тәркіленген. Бұл 3 жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,5 есе көп.
Аяқ киімге қатысты екіұшты жағдай байқалады. Тауар импорты 4 жыл ішінде төмендеген, бірақ аяқ киімге арналған дайындамалар импорты 13 есе өскен. Ал оларды аяқ киім өндірмейтін, бірақ кейіннен өнімді жеке тұлғаларға сататын компаниялар жаппай әкеліп жатыр. Өндіріс көлемі аз бола тұра аяқ киімге арналған дайындамалар импортының жыл сайын артуы кедендік баждарды төлеуден жалтару мақсатында дайын аяқ киімді дайындамалар ретінде әкелу фактілерінің болуы мүмкін екенін көрсетеді.
2024 жылы уәкілетті экономикалық операторларға құжаттарда дайын өнімдерді емес, таңбалануға жатпайтын дайындамаларды көрсету тиімді болды. Ал 2025 жылы мемлекеттік органдардың әкелінетін дайындамалардың көлеміне назар аудара бастағанын көріп, олар аяқ киімнің бөлшектерін де әкелуді тоқтатты. Басқаша айтқанда, аяқ киім нарығы толықтай "көлеңкеге" кетті.
Мемлекеттік кірістер комитеті таңбалау жүйесінің деректерін жеткілікті пайдаланбайды. Қазіргі уақытта қаптамалар сыртында Data Matrix кодтарының болмауы темекі өнімдерінің контрабандасын анықтауға мүмкіндік береді. Алайда осыған қарамастан, 2024 жылы арнайы мобильді қосымшаға темекі өнімдерінің контрабандасы бойынша 246 өтініш келіп түскен. Ал олардың бірде-біреуі бойынша жұмыс жүргізілмеген. Таңбалау әлеуеті толығымен пайдаланылмай отыр.
Кемшіліктер мен проблемаларға қарамастан, Қаржы министрлігі 2024 жылы оң нәтижелер туралы есеп берді. Жоспардың орындалғаны туралы есеп беруге жоспардың төмендетілуі есебінен салықтардың ЖІӨ-дегі үлесі 20,2%-дан 17,2%-ға дейін азайтылуы мүмкіндік берді. Салыстырмалы түрде алғанда, 2023 жылы бұл көрсеткіш 19,6% болған.
Аудит қорытындысы бойынша барлығы:
747 млн теңгеге қаржылық бұзушылық;
2 млрд теңгеден астам сомаға кіріс бөлігі бойынша бюджет шығындары;
сондай-ақ 34 рәсімдік бұзушылық және 29 жүйелі кемшілік анықталды.
Жоғары аудиторлық палата анықталған барлық проблема бойынша ұсынымдар берді. Бұл жұмыс бақылауда болады.
Дереккөз - Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы @ Көшіру кезінде дереккөз сілтемесін пайдаланыңыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.07.2025, 09:07 55001
Павлодар мұнай-химия зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстары сәтті аяқталды
Павлодар мұнай-химия зауытында (ПМХЗ - ҚазМұнайГаздың еншілес кәсіпорны) жоспарлы алдын алу жұмыстары сәтті аяқталды. Іс-шаралар 2025 жылдың 18 маусымында басталып, 16 шілдеде аяқталды. Олар ҚР Энергетика министрлігі бекіткен кестеге сай жүргізіліп, мерзімінен бір күн ерте орындалды, деп хабарлайды "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының баспасөз қызметінен.
Жоспарлы жұмыстарды өткізу - "Азаматтық қорғау туралы" заңының міндетті талабы және зауыттың өндіріс стратегиясының маңызды бөлігі. Бұл жұмыстар кәсіпорынның үздіксіз әрі қауіпсіз қызметін, сондай-ақ экология саласы стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Жоспарлы алдын алу жұмыстары барысында мынадай іс-шаралар атқарылды: қысыммен жұмыс істейтін 137 жабдық, технологиялық пештердің 16 секциясы, жалпы ұзындығы 140 мың қума метрден асатын 930-дан астам технологиялық құбырларға техникалық куәландыру және сараптама өткізілді, 78 сорғы-компрессорлық жабдық жөндеуден өтті және бақылау-өлшеу аспаптарына, автоматика мен электр жабдықтарына жоспарлы тексеру жүргізілді.
Мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысында электр дегидраторларды және металл конструкцияларын ауыстыру бойынша күрделі жұмыстар жүргізілді. Орнатылған жаңа жабдықтың жалпы салмағы 512 тоннаны құрады. Сонымен қатар сұйытылған газды сақтау паркінде жалпы салмағы 216 тонна болатын ыдыстар ауыстырылды. Бұл шаралар өндірістің сенімділігі мен қауіпсіздігін едәуір арттыруға ықпал етеді.
Зауыт шығаратын өнімнің сапасын жақсарту мақсатында мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысының К-102, мұнайды терең өңдеу кешенінің К-101, К-105, К-108, К-601, сондай-ақ күкірт өндірісінің К-201 және баяу кокстеу қондырғысының К-1 технологиялық колонналарының ішкі құрылғылары ауыстырылды. Аталған іс-шараларды орындау үшін 1 310 маман тартылып, 107 бірлік автомобиль және арнайы техника жұмылдырылды.
Павлодар мұнай-химия зауытында жүргізілген жоспарлы алдын алу жұмыстары жабдықты тұрақты күйде сақтауға және өндірістің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.07.2025, 19:56Қазақстанда аграрлық азық-түлік маркетплейсі пайда болуы мүмкін 15.07.2025, 17:53 70941Қазақстан президенті Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге қол қойды15.07.2025, 13:40 7064116 млн қазақстандықтың дербес деректерінің таралуы: тексерудің алдын ала жасалған болжамы аталды15.07.2025, 17:49 63956Қазақстанда көппәтерлі үйлерді басқарудың екі нысаны ғана қалады15.07.2025, 17:46 63261Қазақстанда 86 мың шақырым коммуналдық желілерді салу және жаңғырту көзделген
04.07.2025, 19:14 139396Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады04.07.2025, 19:03 139241Жол-құрылыс материалдары мен технологияларының бірыңғай базасы заңнама деңгейінде бекітілді03.07.2025, 13:43 136791"СҚ-Фармация" ЖШС жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды03.07.2025, 18:14 130326Тоқаев транзиттік дәліздердің өткізу қабілетін кеңейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды03.07.2025, 18:11 128516Степногорск қаласының жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен 2,7 млрд теңге бөлінді