19.10.2022, 13:21 9041

Тоқаев заңсыз қоқыс үйінділерін ұйымдастырушыларды белсенді түрде жауапкершілікке тартуды тапсырды

Тоқаев заңсыз қоқыс үйінділерін ұйымдастырушыларды белсенді түрде жауапкершілікке тартуды тапсырды
Сурет: Depositphotos
ҚОНАЕВ. 19 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының жұртшылығымен кездесу барысында өңірдегі тозығы жеткен тұрғын үй, тозған инфрақұрылым және заңсыз қоқыс үйінділерін жасау мәселелерін көтерді.
 

Өңір үшін өзекті мәселе – қалдықтарды кәдеге жарату. Барлық туристік маршруттарды контейнерлермен жабдықтап, қоқыстарды уақытылы шығару мен сұрыптауды ұйымдастыру қажет. Бұл маңызды сұрақ. Ішкі істер министрлігіне заңсыз қоқыс үйінділерін жасаушыларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырамын", - деп атап өтті Қ.Тоқаев.

 
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Үкіметке тұрғын үй құрылысы мен тозығы жеткен тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстарын қаржыландыруды ұлғайтуды тапсырды.
 

Аймақтың алдында теңгерімді аумақтық дамуға қол жеткізу бойынша маңызды міндет тұр. Бұл жұмыстағы негізгі көрсеткіштер азаматтардың негізгі әлеуметтік қызметтерге тең және кең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайын жақсарту. Жыл басынан бері облыста 686 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенімен, тұрғын үй мәселесі өңірдің өткір мәселелерінің бірі болып қалып отыр. Бір ғана облыстағы саяжайларда 180 мыңнан астам адам тұрақты тұрады", - деді Президент.

 
Мемлекет басшысы қалада тозығы жеткен тұрғын үйлердің көп екендігін атап өтті.
 

Облыста апатты жағдайдағы тұрғын үйлер көп. Сондықтан Үкіметке тұрғын үй құрылысы мен тозығы жеткен тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстарын қаржыландыруды ұлғайту тапсырылды", - деді Президент.

 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны