08.02.2022, 17:40 25976

Тоқаев: жаңа Үкіметтің алдында экономиканы тұрақтандыру міндеті тұр

Тоқаев: жаңа Үкіметтің алдында экономиканы тұрақтандыру міндеті тұр
Сурет: akorda.kz
НҰР-СҰЛТАН. 8 АҚПАН - Нұр-Сұлтанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Жаңа Үкіметтің алдында ел экономикасын тұрақтандыру, сондай-ақ инфляцияны төмендету міндеті тұр. Бұл маңызды міндет", - деді Тоқаев.

 
Мемлекет басшысы, соңғы мәліметтер бойынша, бизнеске 100 млрд теңгеден астам сомаға залал келтірілгенін атап өтті.
 

Өкінішке қарай, қаңтар оқиғалары қалыпты өмірімізді түбегейлі өзгертті. Заңсыз әрекеттердің салдарынан көптеген азаматтарымыз зардап шекті. Шағын және орта бизнес өкілдері шығынға ұшырады", – деді Президент.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны