03.08.2021, 20:07 9348

Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Сапарбаевқа сөгіс жариялады

НҰР-СҰЛТАН. 3 ТАМЫЗ - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа 2019 жылы жұмысында едәуір олқылықтарға жол беріп, қызметінен босатылған Қ.Досаевты әкімдіктің басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін сөгіс жариялады. Әкімге бір тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетуге тапсырма берілді", - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

 
Кеше Тараз қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Досаев Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалғаны белгілі болды.
 
2019 жылы Таразда резонанстық оқиға орын алды - жетінші сынып оқушысы мектеп аумағындағы көше дәретханасында зорлық-зомбылыққа ұшырады. Оқиғадан кейін облыстық білім басқармасының басшысы қызметінен кетті. Сондай-ақ, осы оқиғадан кейін 11 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Атқаратын қызметтерінен завуч, қызды сабақтан босатқан математика пәнінің мұғалімі, сол күні кезекші болған мұғалім, вахтер және мектеп инспекторы босатылды.
 
 

12 жасар оқушы зардап шеккен Тараз мектебіндегі оқиғаға және жұмыстағы жіберілген жүйелі кемшіліктерге байланысты Жамбыл облысының әкіміне Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырдым. Облыс әкіміне ескерту жариялаймын", - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны