05.04.2023, 18:07 56311

Тоқаев жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды

Тоқаев жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды
Сурет: akorda.kz
Астана. 5 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жер қатынастарындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша түзетулерге қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
 

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

 
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары екі оқылымда жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры шеңберінде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша түзетулер қабылдаған болатын.
 
Заң жобасының мақсаты жер қатынастары, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және қала құрылысы саласындағы заңнаманы цифрландыру және көрсетілген салаларда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру арқылы жетілдіру болып табылады, делінген заң жобасының қорытындысында.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны