04.07.2022, 16:36 21216

Тоғжанов педагогтерге жалақыны уақытылы төлеуді қамтамасыз ету және ӘМАТ өнімдері бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуді тапсырды

Тоғжанов педагогтерге жалақыны уақытылы төлеуді қамтамасыз ету және ӘМАТ өнімдері бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуді тапсырды
НҰР-СҰЛТАН. 4 ШІЛДЕ - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен мемлекеттік органдардың тәуекелдерді талдау мен болжамдық қызметін күшейту мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Кез келген мәселе уақытында шешілмесе, халықтың наразылығын тудыруы мүмкін. Сондықтан мемлекеттік органдар тәуекелдерді үнемі талдап, оларды шешуге әрдайым дайын болуы керек", — деді вице-премьер. 

 
Кеңес барысында Оқу-ағарту министрлігіне және әкімдіктерге педагогтерге жалақыны уақытылы төлеуді қамтамасыз ету, Ауыл шаруашылығы министрлігіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін өндіріс пен тұтыну теңгерімінің нақты болжамын әзірлеу тапсырылды.
 
Е. Тоғжанов балаларды жаңа оқу жылына дайындау маусымы жақындағанын және бұл халық шығындарының ұлғаюына әсер етуі мүмкін екенін атап өтті. Сондықтан бағаны тұрақтандыру үшін қолданыстағы нарықтық құралдардың мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажет.
 
Кеңес қорытындысы бойынша барлық мемлекеттік органдар мен өңірлер әкімдіктерінің алдына келесідей міндеттер қойылды:
 
  • жалақы бойынша берешектің пайда болуына жол бермеу;
  • барлық ықтимал тәуекелдерді тұрақты негізде талдау және саланың проблемалық мәселелерін шешу бойынша іс-қимылдар алгоритмін әзірлеу;
  • проблемалық мәселелер болған жағдайда олардың шешімін айрықша бақылауға алу;
  • мемлекеттік органдардың ақпараттық, түсіндіру жұмыстарын күшейту, әлеуметтік желілердегі алаңдарды белсенді түрде жүргізу, сондай-ақ халықтың сұрақтарына уақытылы жауап беру.
 
Бұған дейін хабарланғандай, Мәжіліс депутаты Палата отырысы барысында қазақстандық мұғалімдер үшін демалыс және сауықтыру төлемдері бойынша мемлекеттің қарыздары шамамен 30 млрд теңгені құрағанын хабарлады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны