20.12.2021, 17:23 74141

Цой Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылды.
Цой Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды
Сурет: primeminister.kz
НҰР-СҰЛТАН. 20 ЖЕЛТОҚСАН - Алексей Цой Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылды", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

 
1977 жылы 2 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 
 
Sells College (Лондон), Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының аспирантурасын, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын, "Дәнекер" халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының корпоративтік басқару жоғары мектебін тәмамдаған. Стэнфорд университетінде (АҚШ), Сингапурда, Мәскеуде, Германияда, Ұлыбританияда және т. б. елдерде тағылымдамадан өткен. Іскерлік әкімшілендіру докторы, медицина ғылымдарының кандидаты. 
 
1998-2001 жылдары "Аспан Шымкент" ЖШС бас бухгалтері, коммерциялық директоры болып қызмет еткен. 
 
2002-2004 жылдары — Ұлттық ғылыми медицина орталығы және Республикалық клиникалық ауруханада эндоскопист-дәрігер. 
 
2004-2007 жылдары — Ұлттық ғылыми медицина орталығында эндоскопист-дәрігер, аға ғылыми қызметкер. 
 
2007-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медицина орталығының Заманауи технологияларды енгізу орталығы директорының міндетін атқарушы, директоры болып еңбек етті. 
 
2010-2011 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының Медицина орталығы басшысының міндетін атқарушы, басшысы. 
 
2011-2014 жылдары — Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының бас дәрігері. 
 
2014-2017 жылдары Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі лауазымын атқарды. 
 
2017-2019 жылдары — Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі. 
 
2019 жылғы ақпаннан бастап ҚР Президенті Іс басқармасының Медицина орталығын басқарды, 2020 жылғы 22 маусымда денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды. 
 
2020 жылғы 25 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды. 
 
2021 жылғы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР денсаулық сақтау министрі болып қайта тағайындалды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны