23.12.2021, 19:52 29251

ТЖМ АЭС салынатын жерді таңдауға қатысады - Ильин

ТЖМ АЭС салынатын жерді таңдауға қатысады - Ильин
НҰР-СҰЛТАН. 23 ЖЕЛТОҚСАН - Атом электр санциясы салынатын жерді таңдауға Төтенше жағдай министрлігі қатысты. 
 
Бұл жөнінде ведмоство басшысы Юрий Ильин мәлімдеді. 
 
Оның айтуынша, қазір 2 орын таңдалған. Оның бірі – Алматы облысына қарасты Үлкен ауылында. Екіншісі – Шығыс Қазақстандағы Курчатов қаласы. Енді осы жерлерге қатысты жобалық-сметалық құжаттар дайындалады. Оның ішінде барлық талаптар, әсіресе, төтенше жағдайлар министрлігі құзіретіндегі мәселелер де ескеріледі деді министр. 
 

Аталған аумақтарда елді мекендер жоқ. Бұған қоса, жер сілкінісі, тас көшкіні не судың тасуы болмайды. Біз бұл тетіктерге ерекше мән бердік. Министрліктің ұсыныс-кеңестері ескеріліп, осы жерлерде құрылыс жүргізуге болады деген тоқтам жасадық", - деді ҚР төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.


Бұған дейін хабарланғандай, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры басқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев атом электр станциясын салу орны Алматы облысындағы Үлкен кенті болуы мүмкін деп хабарлады.
 
Ақпарат көзі: 24.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны