15.09.2022, 14:58 11536

Қытай үкіметі Қазақстанға ауыл шаруашылығы зертханасын құру үшін жабдықтарды береді

ҚХР стандарттары бойынша аккредиттелген зертхана құру Қытайға отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтуға ықпал етеді.
НҰР-СҰЛТАН. 15 ҚЫРКҮЙЕК - Қытайдың үкіметі Шығыс Қазақстан облысының сапа инспекциясының зертханасына құны 11,15 млн юань болатын жабдықты тапсырады. Бұл ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Коммерция министрлігі арасында қол жеткізілген уағдаластықтың арқасында мүмкін болып отыр, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында тиісті келісімге ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо қол қойды.
 

ҚХР стандарттары бойынша аккредиттелген зертхана құру Қытайға отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтуға ықпал етеді. Бұдан басқа, Қазақстан терең қайта өңдеу тауарларын, жемшөп пен қоспаларын, ет және ет өнімдерін, сүт және сүт өнімдерін жеткізуді ұлғайтуға мүдделі", - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Айта кетейік, 2022 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша, АӨК саласындағы Қазақстан-Қытай тауар айналымы 46,7% артып, 412,5 млн долларды құрады.
 
Отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 62,2% - 280,4 млн долларға дейін өсті. Қытайдан импорт 22,2% ұлғайып, 132,1 млн долларды құрады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны