07.04.2022, 16:04 49501

Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалды

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі лауазымынан босатылды.
Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалды
Сурет: primeminister.kz
НҰР-СҰЛТАН. 7 СӘУІР - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлыбек Нәлібаевты Қызылорда облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", - деп хабарлайды Ақорда.

 
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі лауазымынан босатылды.
 
Нұрлыбек Мәшбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. 
 
Еңбек жолы: 
 
1997-1998 жылдары - "Қазақойл-коммерция" ЖШС сарапшысы, "Бұлақ" ЖШС директорының орынбасары. 
 
1999-2002 жылдары - "СтандартОйлБейс" ЖШС директоры, "СтандартОйлТрейдинг" ЖШС директоры, "СтандартГаз" директорының орынбасары. 
 
2002 жылы - "Шымкенторгсинтез" АҚ Қызылорда филиалының директоры. 
 
2002-2004 жылдары - "Қызылорда МұнайСервис" ЖШС бас директоры, "ПетроҚазақстан" Сауда үйі" директоры. 
 
2005-2007 жылдары - Қызылорда қаласы әкімінің бірінші орынбасары. 
 
2007-2008 жылдары - Қызылорда облысы әкімі аппаратының жетекшісі. 
 
2008-2013 жылдары - Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі. 
 
2013-2021 жылдары – Қызылорда қаласының әкімі. 
 
2021 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған.
 

Құрмет" (2011), "Парасат" (2016) ордендерімен марапатталған.

 
Бұдан бұрын хабарланғандай, Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны