14.03.2022, 18:36 15601

Зүльфия Сүлейменова экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды

Зүльфия Сүлейменова экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
Сурет: primeminister.kz

НҰР-СҰЛТАН. 14 НАУРЫЗ - Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі.

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

З. Сүлейменова еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері болып бастады.

2020-2021 жылдары — Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.

2021 жылғы қаңтардан бастап осы уақытқа дейін VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны