13.04.2022, 15:51 20076

Жанат Самат "Жасыл даму" басшысы қызметінен кетті

Жанат Самат басқа қызметке ауысуына байланысты жұмыстан босаған.
Жанат Самат "Жасыл даму" басшысы қызметінен кетті
НҰР-СҰЛТАН. 13 СӘУІР - "Жасыл даму" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Жанат Самат қызметінен кетті. 
 
Бұл мәліметті ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев растады. 
 
Оның айтуынша, Жанат Самат басқа қызметке ауысуына байланысты жұмыстан босаған. 
 
Еске сала кетейік, "Жасыл даму" АҚ басқарма төрағасы биылғы жылдың 1 ақпанында тағайындалған болатын. 
 
 "Жасыл даму" - қалдықтарды кешенді басқарумен айналысатын компания
 
Өнім қалдықтарын кешенді басқарудың бірыңғай жүйесін құру, осы қалдықтарды қайталама шикізат ретінде айналымға тартып, бизнестің кеңінен қатысуымен қоқыс өңдеу саласының инфрақұрылымдық дамуына жәрдемдесіп, "жасыл" технологияларды енгізеді.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны