14.04.2023, 15:15 26146

Жезқазғандағы ЖЭО-да қазандық агрегаттарының тозуы 74% құрайды - Смайылов

Жезқазғандағы ЖЭО-да қазандық агрегаттарының тозуы 74% құрайды - Смайылов
Сурет: primeminister.kz
Премьер-Министр Жезқазған ЖЭО жөндеу жұмыстарын толық көлемде қаржыландыруды тапсырды

Жезқазған. 14 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Жезқазған ЖЭО-да жөндеу жұмыстарын толық көлемде қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет, деп мәлімдеді Премьер-Министр Әлихан Смайылов Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында.

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Әлихан Смайылов ірі коммуналдық кәсіпорындардың жұмысымен, автожол инфрақұрылымын жаңғырту барысымен және Жезқазған қаласын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен танысты.

Сонымен қатар Үкімет басшысы Жезқазған ЖЭО жұмысын тексеріп, оның алдағы жылыту маусымына дайындық шараларымен танысты. Бүгінгі таңда жылу орталығы шамамен 244 МВт электр қуатын және 496 Гкал/сағ жылу қуатын өндіреді. Станцияның негізгі жабдықтары - 8 қазандық агрегаты, олардың екеуі бұған дейін күрделі жөндеуден өткен және 5 турбиналы генератор.

Премьер-Министр ЖЭО қазандық агрегаттарының орташа тозу деңгейі 74% екенін атап өтті, осыған байланысты меншік иесі жаңа жылыту маусымына дейін қосымша қазандықты іске қосу бойынша жұмыс жүргізіп, жалпы энергия көзін күрделі жөндеу мәселелерімен белсенді түрде айналысуы қажет.

primeminister.kz

Алдағы қыста тосын жағдайлардың алдын алу үшін қазірден бастап ЖЭО-ны жөндеуге қаржы құю керек. Өткен жылы меншік иесі 2,3 млрд теңге салуды жоспарлаған болатын, бірақ жұмыстың бір бөлігі кейінге қалдырылды. Биыл ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстарын толықтай қаржыландыру қажет. Қаражат "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасы аясында қайтарылатын болады", - деді Әлихан Смайылов.


Одан кейін Үкімет басшысы Жезқазған қаласындағы "Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны" АҚ-қа барып, негізгі шаруашылық-ауыз су тазарту құрылысын реконструкциялау барысымен танысты (2-кезек). Осы жұмыс аясында шаруашылық-ауыз суды тазарту мен дайындаудың жаңа технологияларын қолдану көзделген. 2022 жылғы мамыр айында басталған құрылыс жұмыстары 2025 жылғы желтоқсан айында аяқталуы тиіс.

Сонымен қатар, ол реконструкцияланатын республикалық маңызы бар "Қызылорда - Жезқазған" автомобиль жолының учаскесіне барды. Ұзындығы 208 шақырымды құрайтын жол учаскесінде 2023-2025 жылдар аралығында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Премьер-Министр биыл республикалық маңызы бар жолдарды дамытуға 420 млрд теңге қарастырылғанын, соның есебінен 3,6 мың шақырым жолда құрылыс және жаңғырту жұмыстары жалғасатынын атап өтті.

"Қызылорда - Жезқазған" автожолын реконструкциялауға мейлінше жергілікті компанияларды тарту қажет. Биыл бастапқы кезеңінде 65 шақырым жол пайдалануға берілуге тиіс. Жалпы жобаны аяқтау өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді", - деді Әлихан Смайылов.


Одан кейін Үкімет басшысы Жезқазған қаласындағы "Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны" АҚ-қа барып, негізгі шаруашылық-ауыз су тазарту құрылысын реконструкциялау барысымен танысты (2-кезек). Осы жұмыс аясында шаруашылық-ауыз суды тазарту мен дайындаудың жаңа технологияларын қолдану көзделген. 2022 жылғы мамыр айында басталған құрылыс жұмыстары 2025 жылғы желтоқсан айында аяқталуы тиіс.

primeminister.kz

Үкімет басшысының айтуынша, жаңа нысандарды салу үшін инженерлік-көлік коммуникацияларын дамыту маңызды болып табылады.

Инфрақұрылым жүргізу, оны жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру және басқа да іс-шараларды орындау кезінде қала шекарасын одан әрі кеңейту перспективалары ескерілуі керек. Әкімдік бұл мәселені бақылауда ұстауға тиіс", - деді Әлихан Смайылов.


Еске салайық, биылғы қыста Қазақстанның әртүрлі қалаларындағы ЖЭО-да орын алған бірқатар апаттар суық мезгілде қала тұрғындарын жылусыз қалдырды.

Риддер ЖЭО-ның жағдайы күрделі күйінде қалып отыр. Меншік иелері оны коммуналдық меншікке беруден бас тартады. ШҚО әкімі жаңа меншік иелерін әрекетсіздікте айыптады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны