19.07.2022, 17:04 11931

Жоғарғы Сот Сейтқазы мен Әсет Матаевтарды ақтады

Жоғарғы Сот Сейтқазы мен Әсет Матаевтарды ақтады
Сурет: Pexels
НҰР-СҰЛТАН. 19 ШІЛДЕ - Жоғарғы Сот Бас Прокурордың наразылығы бойынша сотталғандар Сейтқазы Матаев пен Әсет Матаевқа қатысты қылмыстық істі қарады. Олар ақталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Наразылық Жоғарғы Сотқа 24 маусымда түскен.
 

Ағымдағы жылдың 24 маусымында Жоғарғы Сотқа келіп түскен наразылықта Бас Прокурор іс үшін елеулі маңызы бар мән-жайлар бойынша сот тергеуінің толық болмауына байланысты іс бойынша шығарылған сот актілерінің күшін жоюды және қылмыстық істі апелляцияға жаңадан қарауға жіберуді сұрады. Бүгін, 19 шілдеде 7 судьядан тұратын Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы наразылықты қарап, сот актілерінің күшін жойды. Сейтқазы және Әсет Матаевтардың әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды", - деп хабарлады Жоғарғы Сотта.

 
ҚПК-нің 39-бабына сәйкес ақталғандардың қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеттіру құқығы танылды.
 
Наразылық ішінара қанағаттандырылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны