01.11.2024, 11:44 33996

АҚШ-тан Қазақстанға зергерлік бұйымдарды ойыншық ретінде әкелуге тырысқандар ұсталды

АҚШ-тан Қазақстанға зергерлік бұйымдарды ойыншық ретінде әкелуге тырысқандар ұсталды, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Пошталық сәлемдемелердің бірінен АҚШ-тан ойыншық түрінде жалған құжаттармен гауһар тастары бар зергерлік бұйымдар табылды. Көлік прокуратурасының талап- арызы бойынша Түрксіб аудандық соты тәркіленген жалпы құны 60 млн теңгені құрайтын зергерлік бұйымдарды мемлекет меншігіне өткізді.

Алматы көлік прокуратурасының тағы бір талап-арызы бойынша сот Түркиядан геотекстиль атын жамылып келген жалпы құны 48 млн теңгеден асатын тауарларды мемлекет кірісіне айналдырды.

Контрабанданы анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны