20.10.2023, 16:57 41216

Алматы облысында ер адамнан 3 келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді

Алматы облысында ер адамнан 3 келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді
Сурет: polisia.kz
Алматы облысының полицейлері шамамен сегіз мың бір реттік доза болатын синтетикалық есірткіні заңсыз айналымнан алып тастады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қазан күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы облысы ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері Еңбекшіқазақ ауданы ПБ КПБ-мен бірлесіп, Бәйтерек ауылынан 45 жастағы ер адамды ұстады .

Оның үйін тінту барысында ішінде ұнтақ тәрізді ерекше иісті заты бар 5 полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген зат қарапайым адамдар арасында "жылдамдық" деп аталатын Альфа PVP синтетикалық есірткісі болып шықты. Ал жалпы салмағы шамамен 3 келіні құрады.

Айта кету керек, арнайы іс-шара барысында полицияға белгісіз ер адамның есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтаумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түскен.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық полициясында тіркелді. Түпкілікті процестік шешім қабылдау үшін сараптамалық тексерулер тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны