16.09.2024, 15:20 48516

Шымкентте жасөспірімді соққыға жыққан күзетші үш жылға сотталды

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында сотталушы И.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметінен.

Сотталушы И. ҚК-нің 252-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін, (яғни, жекеше күзет қызметтерi қызметшiлерiнiң өкiлеттiктерiн асыра пайдалануы, қару немесе арнайы құралдар қолданып жасалған немесе ауыр зардаптар келтiрген дәл сол іс-әрекет) айыпталған.

И. "G." жауапкершілігі шектеулі серіктестікте күзетші болып жұмыс істеп жүріп, 2024 жылдың 28 маусым күні сағат 12:30 шамасында өзіне жүктелген күзет аумағының мүлкі мен тыныштығын тексеріп жүріп, жәбірленуші жасөспірім С.-ның "футбол" алаңының қоршауынан асып түскенін көріп, ұстап алып, кешірім сұрағанына қарамастан, қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып қызмет барысында берілген арнайы құрал, яғни, "резина таяқшасымен" басы және кеуде тұсынан бірнеше рет ұрып-соғып, денсаулыққа "жеңіл" дәрежелі зиян келтірген.

Сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыға қатысты айыпты ҚК-нің 252-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, күзет саласында лауазымды қызмет атқару құқығынан 2 (екі) жыл мерзімге айыра отырып, 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Жәбірленуші өкілі кешірім бергенін, жаза тағайындауды соттың қарауына қалдырды.

Сотталушы кінәсын толық мойындап, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.

Жаза тағайындау барысында сотталушының қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде қылмысын мойындап, шын ниетпен өкінуін, жәбірленуші өкілінің кешірім беруін ескерді, ал қылмыстық жауаптылығын ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот, И. ҚК-нің 252-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, күзет саласында лауазымды қызмет атқару құқығынан 2 (екі) жыл мерзімге айыра отырып 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енбеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны