05.04.2024, 20:19 42231

Алматы облысындағы арнайы операция: 11 адам ұсталып, тапаншалар мен автоматтар тәркіленді

Алматы облысындағы арнайы операция: 11 адам ұсталып, тапаншалар мен автоматтар тәркіленді
Алматы облысындағы арнайы операция: 11 адам ұсталып, тапаншалар мен автоматтар тәркіленді, деп хабарлайды Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Аленов.

Алматы облысы ПД-ға Алматы облысы мен Алматы қаласының аумағында атыс қаруын заңсыз сақтаумен айналысатын белгісіз адамдарға қатысты жедел ақпарат келіп түсті.

Жедел арналар арқылы келіп түскен ақпаратты облыстық ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері тексерді.

Жедел - іздестіру іс-шараларын өткізу барысында арнайы бөлімше жауынгерлерінің қатысуымен ҰҚҚКБ қызметкерлері Жамбыл облысының тумалары болып табылатын 1996 жылғы Н. және 2001 жылғы Н.есімді азаматтарды ұстады.

Тінту шараларының нәтижесінде үш тапанша мен "Калашников" маркалы автомат , сондай-ақ ішінде өсімдік тектес, ерекше иісті заты бар орам табылып, тәркіленді.

Осы деректер бойынша қылмыстық іс облыстық ПД Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Барлық тәркіленген заттай дәлелдемелер бойынша қажетті сараптамалық зерттеулер тағайындалды.

Жасалған қылмыстың барлық мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде.

Сонымен қатар, арнайы операция кезінде он бір адам ұсталды. Қазіргі уақытта негізгі тұлғалар қамауға алынды.

Қылмыстық іс бойынша тергеу барысы менің жеке бақылауымда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны