02.05.2024, 16:29 63306
Алматы облысының полицейлері жер қойнауын заңсыз пайдаланушылардың әрекетін тоқтатты
Достарға айту
Алматы облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Еңбекшіқазақ ауданындағы карьерлердің бірінің аумағында пайдалы қазбаларды заңсыз өндірушілердің жолын кесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған іс бойынша күдіктілердің барлығы анықталды. Әрқайсысының қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы тексеріліп жатыр. - Ер адамдар өзен бойындағы кен орны аймағында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргені алдын-ала анықталған. Жүргізілген сараптама нәтижесінде көлемі 27 455,47 текше метр балласт екенін көрсетті.
Тексеру барысында ер адамдар өндірген кенді мегаполис пен облыс аумағынан алғаны анықталды, - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов. Мемлекетке келтірілген залал 122 млн теңгеден асты. Арнайы тұраққа 47 автокөлік мен арнайы техника қойылды.
Жер қойнауын заңсыз пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
26.11.2024, 18:17 296
Алматы облысында көппәтерлі кешен бұзылады
Достарға айту
Өткен айда Алматы облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы (ГАСК) инспекторлары ауқымды тексерістер жүргізіп, құрылыс нормалары мен ережелерін бұзудың жүздеген фактісін анықтады. Тексерістердің қорытындысы бойынша 78 әкімшілік материал әзірленді. Олардың 28-і облыстық соттарға жолданды, ал қылмыстық іс қозғалмаған құқықбұзушыларға жалпы сомасы 14 644 140 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Алматы облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Тексерістер барысында 23 заңсыз құрылыс нысаны анықталды. Олардың материалдары да сотқа жолданды. Заңсыз салынған құрылыстар, оның ішінде Талғар ауданындағы көпқабатты тұрғын үй кешені, бұзылуға жатады. Қазіргі уақытта 4 сабан үй бұзылды, ал 7 нысанға бұзу туралы талап-арыздар жолданды.
Қонаев қаласындағы оқу корпусы, "Eco-Park Alatau" ТК-ның кәріз жүйелері және Райымбек ауданындағы су бөгеттері құрылысы барысында көптеген бұзушылықтар анықталды. Жауапқа тартылған мердігерлер мен техникалық қадағалау ұйымдарына қатысты шаралар қабылданды. 61 құрылыс компаниясы жауапқа тартылды, оның екіуі - ТОО "Sheberbuild" және ТОО "Жаңарту" - сот шешімімен лицензиясынан айрылған.
Алматы облысындағы құрылыс саласын тәртіпке келтіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біздің тексерістеріміз тек рәсім ғана емес, қауіпсіздік пен заңдылықты қамтамасыз ету үшін күрес, - деді Алматы облысы сәулет-құрылыс бақылау (ГАСК) басшысының міндетін атқарушы Өзенбаев Ғабиден. - Құрылыс нормаларын бұзушылар заң арқылы қатал жазаланатын болады. Біз облыс бойынша, әрбір құрылыс нысаны барлық талаптар мен стандарттарға сай болғанша алған беттен қайтпай тексеруді жалғастыра береміз!"
Алматы облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы (ГАСК) облыстағы құрылыс нормалары мен ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету жұмысын жалғастыра береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.11.2024, 18:09 431
Шымкентте колледж студенті соққыға жығылды
Достарға айту
Шымкентте колледж студентінің миы шайқалып, балалар ауруханасында жатыр, деп хабарлайды ktk.kz.
Белгілі болғандай, директордың орынбасары ұлдарды жертөлеге кіргізіп алып, сағаттап ұрған. Ал оған себеп - студенттердің мұғалім туралы әлеуметтік желідегі әзілі. "Парасат" колледжі директорының тәрбие жөніндегі орынбасары үлкен курс студенттері мен дене шынықтыру мұғалімдерін жинап, солардың көзінше сабады дейді тәлімгерлер. Дегенмен педагогтің өзі мұны жоққа шығарып отыр.
Соққыға жығылған студенттердің бірі - Константин Зорин директордың орынбасарының "ТикТок парақшасындағы бір әңгімеге күлгеніміз үшін таяқ жедік" деп отыр.
Қазыбек Ержанов мұның бәрін жоққа шығарды. Тіпті соққыға жығылған қос студентті "бүкіл колледж бұзақы ретінде таниды" дейді директордың орынбасары. Былтыр полиция шақыруға тура келген екен. "Мүмкін соны кешіре алмай, жала жауып жатыр" деп ақталды.
Соққыға жығылған студенттердің ата-анасы ұлдарын оқу орнынан шығарып алды. Полицияға арыз жазып, прокуратура істі бақылауына алса деген өтініші бар. Ал таяқ жеген жігіттердің "жас болса да, тым қу" деген колледж басшылығы жала жабу дерегімен "біз де арызданамыз" деп бекініп отыр, деп хабарлайды ktk.kz.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.11.2024, 09:06 3156
Еліміздің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 10 радикалды діни идеология жақтасының әрекетінің жолы кесілді
Достарға айту
Осы жылғы 22 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен бірлесе, Алматы облысы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы, Қостанай және Жетісу облыстарының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 10 радикалды діни идеология жақтасының әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.
Алдын ала мәліметке сәйкес, фигуранттардың бірі қамау жағдайында террорлық акт жасауға дайындалған, ал қалғандары терроризмді насихаттауға қатысып, террорлық әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды өз қатарларына тартумен айналысқан.
Жаза өтеу орындарында жүргізілген тінтулер барысында суық қару, смартфондар және басқа да заттай дәлелдер алынды.
Біреуінің экстремизм үшін соттылығы бар. Қалғандары кісі өлтіру, тонау және ұрлық үшін жазаларын өтеген.
Сондай-ақ, Алматы қаласында пробациялық бақылауда тұрған олардың байланысы ұсталды.
Көрсетілген адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 255, 256 және 259-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.11.2024, 12:25 11736
Ақтөбе облысында балабақша бухгалтері 49 млн теңге жымқырганы үшін 7 жылға сотталды
Достарға айту
Ақтөбе облысында балабақша бухгалтері 49 млн теңге жымқырганы үшін 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының прокуратурасынан.
Мекеменің хабарлауынша, "Балауса", "Гүлдер", "Шапағат" және "Арай" балабақшаларының бухгалтерлері басшыларының атынан құжаттарға қол қойып, өздерінің есеп-шоттарына заңсыз ақшалар аударған.
Барлық көрсетілген деректерге қатысты аудан прокуратурасымен бухгалтерлерге қатысты ҚК-тің 189-бабының 2 және 4-бөліктерімен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде, "Шапағат" және "Арай" балабақшаларының бухгалтерлерімен жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам шығындарды өтеулеріне байланысты, қылмыстық істер өндірістен тоқтатылды.
Балауса" және "Гүлдер" балабақшаларының бухгалтерімен 49 млн теңге қаражатты заңсыз иемдену деректеріне қатысты сот үкімі шығып, ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.11.2024, 10:19 12901
Астананың екі тұрғыны есірткі таратқаны үшін ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырылды
Достарға айту
Астананың екі тұрғыны есірткі құралдарын таратқаны үшін 8 және 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.
АҚШ-тан есірткі және психотроптық заттарды халық тұтынатын тауарлары бар пошта сәлемдемелері түрінде аса ірі мөлшерде жеткізу фактісін Аегнттіктің елордалық департаменті әшкереледі.
Мәселен, қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып, тексеру жүргізу кезінде кедендік бақылау аймағындағы уақытша сақтау қоймасында жалпы салмағы шамамен 1 кг болатын "гашиш" есірткі заты табылып, тәркіленді.
Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу барысында жүргізілген мониторинг нәтижелері "Қазпошта" АҚ қалалық филиалдарының бірінде сол алушылардың атына тағы бір сәлемдеменің бар екендігін көрсетті.
Сәлемдемеде жалпы салмағы 7 грамнан асатын күшті психотропты зат - тетрагидроканнабинол және оның изомерлері табылды.
Айыпталушылардың бірінің пәтерін тінту кезінде есірткі құралдары, сондай-ақ орауыш материалдар мен таразы табылды.
Сот шешімімен істің екі қатысушысы кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік колониясында жазасын өтей отырып, 8 және 18 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Жалпы, жыл басынан бері есірткі контрабандасы және заңсыз айналымы фактілері бойынша 116 қылмыстық іс тіркелген. 57,3 кг есірткі тәркіленді.
Сонымен қатар, 1,7 кг психотроптық заттар, анаболиктер (улы зат) - 206 мың дана және "Тропикамид" көз тамшылары - 1 680 дана тәркіленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.11.2024, 17:16 38376
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады
Достарға айту
Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Бас көлік прокуратурасы және "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ-мен бірлесіп, Жетісу облысының Бескөл станциясында тепловоз машинистерінен құралған қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қаскүнемдер бірнеше жыл бойы пойыз диспетчерлерімен қылмыстық келісімге келіп, тепловоздардан жанар-жағармай материалдарын құйып алу арқылы дизель отынын ұрлаған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде қылмыстық топ ұрлықтың 45 эпизодында әшкереленіп, "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ға 16 млн теңгеден астам сомаға залал келтірді.
Жетісу облысы Алакөл ауданының №2 аудандық сотының үкімімен қылмыскерлер ұзақ мерзімге сотталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.11.2024, 16:12 38941
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Достарға айту
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Ақтөбе қалалық прокуратурасымен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін тексеру барысында 1-ші және 2-ші топтағы мүгедек 500 адамның баспанаға мұқтаждар ретінде тіркелмегендігін анықтады.
Бұл фактілер мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын бұзу болып табылады, өйткені бұл тіркеу оларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етудің бір кепілі.
Заңға сәйкес, жеке баспанасы жоқ мүгедектер кейіннен әлеуметтік баспана алуды немесе өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін мемлекеттік қолдау алуды қажет ететіндердің тізімінде болуға құқылы.
Сонымен қатар, Конституция күніне орай 39 мүгедекке 1 950 000 теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетпеу, сондай-ақ 17 азаматқа 850 000 теңге көлемінде бір реттік төлем төлемеу фактілері анықталды.
Сондай-ақ, 1-топтағы мүгедектерге жеке оңалту бағдарламасын әзірлемеу және 200 ЖОБ-сын іске асырмаудың 152 деректері анықталды.
Қазіргі уақытта мүгедектердің құқықтары қалпына келтіріліп, олар баспана есебіне алынып, барлық қажетті төлемдер өтелді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.11.2024, 11:33 40731
Түркістан облысында жасөспірім мектепке мина қойылды деп қоңырау шалған
Достарға айту
Түркістан облысында полиция жарылғыш зат туралы жалған хабарлама жасаған кәмелетке толмаған баланы тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысында полицияға белгісіз адамнан қоңырау келіп түсті. Онда Жетісай ауданы оқу орындарының бірінде жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарланған. Оқиға орнына шұғыл түрде арнайы қызметтер шығып, оқушылар мен мектеп әкімшілігін эвакуациялады.
Тексеру кезінде хабарлама жалған болып шықты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысының полицейлері жарылғыш құрылғы туралы хабарлаған кәмелетке толмаған 11-сынып оқушысының жеке басын анықтады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен, сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған. 14 жасқа толған адамдар бұл қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Сол себепті полиция мектеп оқушыларына қатаң ескертеді. Мұндай құқық бұзушылықтарға заңмен тыйым салынады.
Сондай-ақ сот шешімі негізінде шығындар мен осындай хабарламадан келтірілген барлық шығын өтелуі тиіс. Егер мұндай әрекеттерді кәмелетке толмағандар жасаған жағдайда, залалды өтеу олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне жүктеледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
26.11.2024, 09:06Еліміздің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 10 радикалды діни идеология жақтасының әрекетінің жолы кесілді 26.11.2024, 18:02 246Қазақстан президенті Құрлық әскерлерінің жаңа бас қолбасшысын тағайындады26.11.2024, 09:10 146Қазақстанда жұма күні теледидар мен радио жұмыс істемейді26.11.2024, 18:05 146Биыл Қазақстанда 2 млн гектардан астам жер мемлекеттік меншікке қайтарылды26.11.2024, 17:52 126Елімізде танымалдығы артып келе жатқан падел спортын ілгерілетуге назар аударылады
22.11.2024, 14:04 131146Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда22.11.2024, 14:08 130836Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда22.11.2024, 14:00 105976Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында "KAZ" және "KZ" жаңа индекстері бекітілді22.11.2024, 11:55 97266Атырау облысында жұмысшы жастар слеті өтті22.11.2024, 12:03 97206Алматыда экологиялық талаптарды бұзғаны үшін ірі құрылыс нысаны айыппұл салынды
22.11.2024, 14:04 131146Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда22.11.2024, 14:08 130836Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда08.11.2024, 13:42 115316Елімізде тағы бір республикалық маңызы бар жол ауқымды жөндеу жұмыстарымен қамтылады01.11.2024, 16:38 113561Бектенов: Бизнеспен сындарлы диалог - инвестициялық саясаттың басым бағыттарының бірі01.11.2024, 16:30 107731Астанада Орнықты даму мақсаттарының іске асырылуы талқыланды