22.04.2024, 17:05 18566

Алматыда 13 жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды

Мән-жай анықталуда
Алматыда 13 жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды
Әлеуметтік желілерде 2024 жылдың 21 сәуірі қарсаңында Алматының тұрғын үй кешендерінің бірінде кәмелетке толмаған қызды зорлағаны туралы ақпарат пайда болды. Полиция күдіктінің ұсталғанын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Kozachkow Telegram арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, "Комфорт сити" ТК-де өткен сенбіде (20 сәуір) 13 жасар қыз зорланған.

Үй тұрғындары шу шығарып, ақ футболка киген күдікті жігітті өздері іздей бастады. Болжам бойынша, ол пәтерлердің бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізген. Ал қылмыс паркингте жасалуы мүмкін", - делінген хабарламада.


Оқиға бойынша Zakon.kz тілшісіне Алматы қаласы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мән-жай анықталуда",- деп толықтырды Алматы ПД баспасөз қызметі.


Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қазақстанда әйелдер мен балаларға қарсы қылмыстар үшін жазаны қатаңдататын заң қабылдады..
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны