29.07.2024, 21:48 28836

Антикор бұрынғы полиция қызметкеріне іздеу жариялады

Антикор бұрынғы полиция қызметкеріне іздеу жариялады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті ҚР ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағында көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасының азаматына іздеу жариялайды, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен. Бақыт Әділ Есенжолұлы, 25.07.2000 ж.т., Қарағанды облысының тумасы (Сәтбаев қ.ПБ бұрынғы жедел уәкілі). Бұлтартпау шарасы - "Қамауда ұстау". Іздеу салынған адам анықталған жағдайда немесе оның болуы ықтимал орны туралы қандай да бір ақпарат алынған кезде, іздестіру бастамашысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментіне (мекен - жайы Жезқазған қ., Құрманбаев көшесі 15) мына телефондар бойынша хабарлауды сұраймыз: 8 (7102) 72-12-31 Кезекші бөлім, іздестіру тобы, 8-771-192-44-20, 8-775-912-87-07 ұялы телефоны, (немесе [email protected] электрондық поштасына жазу). Іздеуде жүрген адамды ұстауға ықпал ететін ақпарат бергені үшін, сыйақы және анонимділік тұрғысынан кепілдік беріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны