22.02.2025, 10:46 2866
Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қылмыстық топты ұстады
Сурет: polisia.kz
Достарға айту
Ішкі істер министрлігі қоғамда заң мен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған жұмысын жалғастыруда.
Қарағанды облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның көмегімен бірқатар ауыр қылмыстар жасағаны үшін айып тағылған қылмыстық топтың құқыққа қайшы әрекетін жойды, деп хабарлайды Polisia.kz.
- Оларға қатысты бопсалау, тонау, алаяқтық және қаруды заңсыз сақтаудың 18 эпизоды бойынша тергеу жүргізілуде. Аталған қылмыстық істер бойынша жәбірленушілерге келтірілген жалпы залал 26 млн теңгеден асады.
Тінту шаралары барысында күдіктілерден бірнеше атыс және суық қару, сондай-ақ көптеген оқ-дәрілер тәркіленді.
Қылмыстық топтың барлық мүшелері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың басқа да ұқсас фактілерге қатыстылығы тексерілуде.
Заң және тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету министрліктің ерекше бақылауында, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
24.02.2025, 13:20 1006
Жасырын жүгі бар жол сөмкесі: есірткі таратушы сотталды
Достарға айту
Жасырын жүгі бар жол сөмкесі: есірткі таратушы сотталды, деп хабарлайды Бас прокуратурадан.
Ұлытау облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты ҚР азаматына қатысты үкім шығарды. Ол есірткі затын - "гашишті" заңсыз өңдеу, сақтау, тасымалдау және аса ірі көлемде сату бойынша айыпталған.
Сотталушы тыйым салынған затты тұрмыстық жағдайда дайындап, кейін оны жол сөмкесіне жасырып, жолаушылар пойызымен Жезқазған қаласына жеткізген. Ол есірткіні кейін сатуды жоспарлаған.
Сот барысында прокурор айыпталушының кінәсін дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар ұсынды. Құқық қорғау органдарының жедел жұмысының арқасында Ұлытау облысы аумағында шамамен 5 килограмм гашиштің таралуына жол берілмеді.
Сот сотталушыға 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.02.2025, 13:02 1361
Қызылорда облысында жақын шетел азаматтарына Қазақстанда уақытша тұруға 80-нен астам заңсыз рұқсат ресімдеген
Достарға айту
ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға күдікті бір топ адамның әрекетінің жолын кесті.
Алдын ала деректер бойынша, олар жақын шетел азаматтарына Қазақстанда уақытша тұруға 80-нен астам заңсыз рұқсат ресімдеген.
Тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленген.
Қылмыстық кодекстің 251-бабының 1-бөлігі, 394-бабының 2-бөлігі және 366-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
ҰҚК баспасөз қызметі
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.02.2025, 12:55 1681
Онкологиялық ауыратын науқастар мүгедектікті рәсімдеу мүмкіндігінен айыру фактісі анықталды
Достарға айту
Қала прокуратурасы мүгедектігін анықтау үшін онкологиялық ауыратын науқастарды, олардың ағзасында функцияларының тұрақты түрде бұзылғаны бола тұра, оларды медициналық ұйымдарға жібермеу тәжірибесінің жолын кесті, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасынан.
Онкологиялық ауыратын науқастар мүгедектікті рәсімдеу және кепілдендірілген әлеуметтік жәрдемақы алу мүмкіндігінен айырылған.
Қадағалау актісі бойынша қалалық емханалардың 9 басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды, 8 пациентке І-топ мүгедектігі берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.02.2025, 12:50 1876
Онкологиялық ауыратын науқастар мүгедектікті рәсімдеу мүмкіндігінен айыру фактісі анықталды
Достарға айту
Қала прокуратурасы мүгедектігін анықтау үшін онкологиялық ауыратын науқастарды, олардың ағзасында функцияларының тұрақты түрде бұзылғаны бола тұра, оларды медициналық ұйымдарға жібермеу тәжірибесінің жолын кесті, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасы.
Онкологиялық ауыратын науқастар мүгедектікті рәсімдеу және кепілдендірілген әлеуметтік жәрдемақы алу мүмкіндігінен айырылған.
Қадағалау актісі бойынша қалалық емханалардың 9 басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды, 8 пациентке І-топ мүгедектігі берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.02.2025, 12:46 2096
Маңғыстау облысында құмар ойындары бизнесі бойынша екі автокөлік тәркіленді
Достарға айту
ҚМА Маңғыстау облысының Департаменті 2022-2023 жылдары компьютерлік зал атын жамылып заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен.
Қатысушылардан ақшалай ставкалар банк аударымдары арқылы қабылданып, кейін олар арнайы платформада тіркеліп, ойындарға қатысу үшін логин, пароль және сілтеме беру арқылы жүзеге асқан.
Нәтижесінде қылмыстық топтың жалпы табысы 77 млн теңгеден асты.
Қаржылық тергеу барысында күдіктілер заңсыз жолмен табылған қаражатқа 36 млн теңгеге екі автокөлік - "Toyota Land Cruiser" және "Mersedes-Benz 320" сатып алғаны анықталды.
Сот үкімімен олар ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігі 2-тармағы (заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастыру) және 262-бабы 1-бөлігі, 2-бөлігі (ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басқару және оларға қатысу) бойынша кінәлі деп танылып, 5-тен 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Қылмыстық жолмен алынған автокөліктер мемлекет пайдасына тәркіленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.02.2025, 09:43 3126
"Трамадолды" рецептсіз сату қылмыстық жауапкершілікке әкеледі
Достарға айту
ІІМ-де "трамадолды" дәрігердің рецептінсіз сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын еске салды, деп хабарлайды Polisia.kz.
- Құрметті азаматтар! Ішкі істер министрлігі "заң мен тәртіп" қағидатын қамтамасыз етуді жалғастыруда. Дәріханалық нашақорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында 2023 жылы "трамадол" психотроптық заты есірткі заттарының тізіміне енгізілді.
Есірткі қатарына енгізілгенге дейін "трамадол" ел бойынша сегіз мыңға жуық дәріханада сатылды. Қазіргі уақытта ол дәрігердің рецепті бойынша тиісті лицензиясы бар дәріханаларда ғана сатылады.
Медицинада қолданылатын есірткі және психотроптық заттарды рецептісіз сату деректеріне қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын тұрақты негізде жүргізіледі. Жыл басынан бері "трамадолды" заңсыз сақтағаны үшін үш адам қамауға алынды. Олардан 2500-ден астам таблетка тәркіленді.
Осыған байланысты дәріханалар мен фармацевтикалық компаниялардың басшыларына қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажет екенін еске саламыз.
Медицинада қолданылатын психотроптық заттар мен есірткілерді рецептсіз сату Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен қаралып, "есірткіні заңсыз өткізу" болып саналатынын ескертеміз. Бұл үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасы бастығының орынбасары Айбек Брыков.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.02.2025, 10:39 3326
20 млн теңгенің малын ұрлаған: Алматы облысында барымташылар ұсталды
Достарға айту
Алматы облысында шамамен 20 млн теңгенің малын ұрлаған барымташылар құрықталды.
Polisia.kz-тің мәліметінше, криминалдық полиция қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен мал ұрлығына қатысы бар бір топ адамды қолға түсірді.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдік тудырған екі автокөлік тоқтатылып, олардың жүксалғышынан ұрланған жеті бас мал табылды. Оқиға орнында 28 бен 34 жас аралығындағы үш ер адам ұсталып, тергеу жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді.
Тексеру нәтижесінде олардың әрекеттерінен Жамбыл ауданы Дегерес ауылының тұрғындары зардап шеккені анықталды. Ұрланған мал иелеріне қайтарылды.
Тергеу барысында ұсталғандардың Жамбыл және көршілес Қарасай аудандарында жасалған он 15 мал ұрлығы дерегіне қатысы бары белгілі болды. Құқық қорғау органдары олардың қылмысқа қатысы бар ықтимал сыбайластары мен ұрланған малды сатып алушыларды анықтау жұмыстарын жалғастыруда.
Әзірге келтірілген шығын көлемі 20 млн теңге шамасында. Аталған фактілер бойынша қылмыстық істер тіркеліп, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда жасырын аудио жазуға арналған қалам сатқан тұрғын ұсталғанын жазған едік.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.02.2025, 13:26 2941
Алматыда қоймадан шыққан өрт оқшауланды - ТЖД
Достарға айту
Қоймадан шыққан өрт қабылданған шаралардың арқасынла оқшауланды, деп хабарлайды Inform.kz.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, алдын ала болжам бойынша өрт 3000 шаршы метр алаңда оқшауланды.
- Өрт сөндірушілер жақын орналасқан 3 қабатты әкімшілік ғимарат пен тауар-материалдық құндылықтары бар қойманы өрттен қорғап қалды,-делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда қойма өртенгені хабарланған еді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
24.02.2025, 11:13Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссия жұмысын қайта бастады 24.02.2025, 10:45 5551Жұмыртқа бағасын тұрақтандыру бойынша меморандум жасалды24.02.2025, 12:59 32712025 жылдың басынан бері мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды24.02.2025, 09:43 3106"Трамадолды" рецептсіз сату қылмыстық жауапкершілікке әкеледі24.02.2025, 13:17 2661ҚР Туризм және спорт министрлігінің жанындағы комиссия Қостанай спорт басқармасының басшылығына үміткердің кандидатурасына келісім берді
17.02.2025, 14:04 165991Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді17.02.2025, 14:14 165241Бас прокурор президентке қадағалау органдарының басым бағыттары бойынша атқарған жұмыс қорытындылары туралы баяндалды17.02.2025, 14:53 165196Алматыда полиция қызметкерлері азаптағаны үшін сотталды17.02.2025, 15:01 165091Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады17.02.2025, 18:18 161681ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов алғашқы жиналыс өткізді
13.02.2025, 08:03 266821ШҚО бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті13.02.2025, 07:57 257926Полиция алаяқтық қоңыраулардың алдын алды: 24 мыңнан астам sim-карта тәркіленді12.02.2025, 14:56 204506Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді17.02.2025, 14:04 165991Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді17.02.2025, 14:14 165241Бас прокурор президентке қадағалау органдарының басым бағыттары бойынша атқарған жұмыс қорытындылары туралы баяндалды