14.09.2023, 16:02 8881

Атырауда ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

Cотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Атырауда ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды
Сурет: Polisia.kz
Атырауда ұйымдасып ұрлық жасағандар құрықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

8 қыркүйек күні Атырау облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде Жылыой ауданының аумағында бағанаға ілінген электр кабельдерін жасырын жымқырып жүрген екі 26 жастағы, 25 жастағы, 24 жастағы аудан тұрғындарын анықтаған.

Сондай-ақ, 24 жастағы күдіктінің Газель автокөлігін тінту кезінде 7-8 қыркүйек аралығында жымқырылған шамамен 4 шақырым жоғары вольтты электр желінің кабелі тәркіленген.

Күдіктілерді жауаптау барысында жасаған әрекеттерін мойындаған, ұрланған кабельді Ақтөбе қаласында орналасқан темір металл қабылдау орталығына тапсырғандарын көрсеткен. Қазіргі уақытта оларға қатысты 16 эпизодты қылмыстық іс басталып, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.  
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны