01.11.2024, 16:14 40001
Қазақстанда бір айда шекарадан қару алып өтпек болған 90-нан астам жағдай әшкереленді
Достарға айту
Қазақстанда бір айда шекарадан қару алып өтпек болған 90-нан астам жағдай әшкереленді, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметіның баспасөз қызметінен.
Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында а.ж. қазанда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:
Шекара кеңістігінде 4 640 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушыны ұстады, соның ішінде:
- 27 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін;
- 30 шетел азаматы шекараны бұзуға әрекеттенгені үшін.
Мемлекеттік шекара арқылы 1 435 заңсыз алып өту фактісінің алдын алынды, оның ішінде:
- 41 факті - есірткі заты;
- 91 факті - ату қаруы мен оқ-дәрі (1 дана атыс, 3 дана газды және 25 дана суық қару, 123 дана оқ-дәрі, 41 дана электрошокер);
- 23 факті - діни әдебиет (2 001 дана);
- 459 факті - жалпы сомасы 9 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалы (43 000 литрден астам);
- 616 факті - жалпы сомасы 3,4 млрд теңгеден асатын халық тұтыну тауары (соның ішінде киік мүйіздері 1,5 млрд теңгеге жуық, темекі бұйымдары 377 млн теңгеден астам);
- 204 факті - жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
Каспий акваториясында 57 браконьерлік фактінің алдын алынды, сондай-ақ:
- 31 дана - жүзу құралы;
- 70 км тор - браконьерлік аулау құралы;
- 299 дана (1 765,1 кг) - бекіре тұқымдас балық;
- 904 дана (2 165 кг) - таза тұқымдас балық;
- 13 дана - итбалық.
- Алдын алынған залал сомасы шамамен 671 млн теңгені құрады.
- Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
- Мемлекеттік шекарада қандай-да бір шектеу шаралары енгізілмеген, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
31.12.2024, 18:28 13666
Компанияның қомақты ақшасын иемденген қазақстандық Дубайда ұсталды
Достарға айту
Компанияның қомақты ақшасын иемденген қазақстандық Дубайда ұсталды, деп хабарлайды POLISIA.KZ.
Дубайда Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін (Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) халықаралық іздеуге жарияланған ер адам ұсталды.
2022 жылы күдікті адамдар тобымен алматылық ЖШС-лердің бірінен өзіне қарасты компанияның шотына қаражат аудару арқылы 947 миллион теңге жымқырған.
Қазіргі уақытта ер адам қамауда. Оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.12.2024, 18:25 13966
Зейнетақы аударымдарын заңсыз алудың жолы кесілді
Достарға айту
Зейнетақы аударымдарын заңсыз алудың жолы кесілді, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қазақстан мен Ресей Федерациясы мемлекеттерінің қос азаматтығы бар қала тұрғыны 10 жыл бойы екі мемлекеттің аумағында бір мезгілде зейнетақы төлемдерін алып отырған.
1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құқықтарының кепілдіктері туралы Келісімге сәйкес - қатысушы мемлекеттер шегінде зейнеткер қоныс аударған кезде, егер сол түрдегі зейнетақы зейнеткердің жаңа тұрғылықты жері бойынша мемлекеттің заңнамасында көзделсе, бұрынғы тұрғылықты жері бойынша зейнетақы төлеу тоқтатылады.
Осылайша, зейнетақы төлемдерін Келісімге қатысушы екі мемлекетте бір мезгілде тағайындау мүмкін емес.
Қала прокуратурасының ден қою актісі бойынша сотпен зейнетақы төлемдерін алушыдан 8,9 млн теңге мөлшерінде заңсыз алынған зейнетақы төлемдері өндірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.12.2024, 17:15 19361
Елордалық полиция ең үлкен пәтер ұрлығы туралы айтты
Достарға айту
Полиция қызметкерлері пәтер ұрлығына қатысы бар екі адамды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 2024 жылдың басында болған. Қаскүнемдер үй иесінің жоқтығын біліп, кілт таңдау арқылы оның пәтеріне кірген. Жаңа жылдық демалыстан соң үйіне оралған астаналық тұрғын сейфінің ашылғанын байқаған.
Одан құны 110 мың АҚШ доллары болатын Breguet Tourbillon, әрқайсысының бағасы 55 мың доллар Franck Muller және Daniel Roth, сонымен қатар мың долларлық Rado сағаттары ұрланған. Одан бөлек, сейфтен 650 мың теңге және 2 200 доллар жоғалған.
Полицейлердің жедел жұмысының арқасында күдіктілер құрықталып, олардың кінәсі толық дәлелденді.
Сот шешімімен олар әртүрлі жылдарға бас бостандығынан айырылды.
Жаңа жыл қарсаңында елордалық полиция азаматтарға мүлікті қорғау бойынша қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.12.2024, 16:47 19576
Алматыда алаяқтардың техникасы тәркіленді
Достарға айту
Алматыда алаяқтардың техникасы тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер қалалық прокуратураның үйлестіруімен және ұялы байланыс операторларының бірінің мамандарының көмегімен алаяқтық тізбекке қатысушылардың бірін анықтады. Оның жалға алған үйінде "Киберпол" қызметкерлері 36 GSM-шлюзін тапты, оның ішінде әртүрлі ұялы байланыс операторларының 63 СИМ-картасы бар.
Арнайы іс-шара барысында шағын АТС әкімшісі қызметін атқарған 22 жастағы жігіт ұсталды. Алмалы аудандық полиция басқармасы абоненттің ұялы байланыс құрылғысының сәйкестендіру кодын, абонентті сәйкестендіру құрылғысын заңсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгертуге арналған бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату деректері бойынша қылмыстық іс қозғады.
Күдікті қамауға алынды.
Алаяқтыққа қатысы бар басқа адамдарды анықтау бойынша жедел шаралар жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.12.2024, 15:13 40431
Қарағандыда екі полиция қызметкері азаптау үшін сотталды
Достарға айту
Қарағанды облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы полиция қызметкерлерінің куәгерге қатысты азаптау әрекеттерін қолдану фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеді, деп хабарлайды Қарағанды облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Азаматтың тұлғаның денсаулығына орташа зиян келтіргені үшін жауап алу мақсатында полицияға шақырылғаны анықталды. Қызметтік бөлмеде екі жедел қызметкер оған психологиялық қысым көрсетіп, кінәсін мойындау үшін дене жарақаттарын келтірген.
Қарағанды облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Криминалдық полиция бөлімінің аға жедел қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 146-бабы 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес кінәлі деп танып, жазаларын Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеумен 3 жылға бас бостандықтарынан айырды. Сотталғандар "полиция капитаны" арнайы шенінен айырылды. Оларға Жәбірленушлердің өтемақы қорына айыппұл төлеу жазасы да тағайындалды.
Қарағанды облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкімді өзгеріссіз, апелляциялық шағымдарды қанағаттандырусыз қалдырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.12.2024, 15:10 40431
Халықаралық ынтымақтастықпен ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды
Достарға айту
Түркістан облысы прокуратурасының бастамасы және үйлестіруімен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу және ҰҚК департаменттері, Өзбекстан Республикасының құқық қорғау органдарының ынтымақтастығы арқылы қылмыстық топтың қызметі тоқтатылып, мұнай өнімдерін контрабандалауға арналған туннель жойылды, деп хабарлайды Түркістан облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, адамдар тобы қазақ-өзбек шекарасында ұзындығы 450 метрлік туннель салған.
Осы туннель арқылы күн сайын көлемі 5-7 тонна жанар-жағармай материалдарын контрабандалық жолмен шығарып, заңсыз әрекеттері шамамен екі айға созылған.
Арнайы шаралармен қылмыстық топтың барлық мүшелері, оның ішінде Өзбекстан азаматтары да белгілі болды.
Мағыналас іс-шараларды Өзбекстанның құқық қорғау органдары мемлекеттік шекараның маңындағы аймағында өткізді.
Сонымен қатар, көрші мемлекеттен экспортталған жанармайдың ақша аудару схемасы анықталды.
Трансұлттық қылмыстық топтың мүшелері Қазақстан аумағында да, Өзбекстан аумағында да ұсталды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.12.2024, 12:49 41271
Сот Қызылордадан келген оқушы қыздың ісі бойынша тағы бір үкім шығарды
Достарға айту
Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы А.-ға қатысты бірнеше рет кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айнылысуға тартумен ұштасқан жеңгетайлық фактісі бойынша қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды (ҚР ҚК 309-бабы 2-бөлігі 2),3)-тармақтары), деп хабарлайды Соттың баспасөз қызметінен.
Сотталушы жәбірленушінінің кәмелет жасына толмағанын біле тұра, пайдакүнемдік мақсатты көздеп, оны бірнеше рет жезөкшелікпен айналысуға тартқан.
Сотталушының кінәсі оқиға орнын қарап-тексеру, беттестіру жүргізу хаттамаларымен, жәбірленушінің жауаптарымен дәлелденді.
Прокурор сотталушыны кінәлі деп танып, ҚК 55-бабының 2-бөлігін қолдана отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды, 5 млн теңге моральдық зиян өндіру жөнінде талап қоюды ішінара қанағаттандыруды сұрады. Сондай-ақ, жәбірленуші және оның өкілдері сотталушыны кінәлі деп танып, оның кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты бас бостандығынан айыру жазасының төменгі мөлшерін тағайындауды сұрады.
Қорғаушы сотталушыны ҚК-тің 309-бабы 2-бөлігі 2),3)-тармақтары бойынша қылмыс құрамының болмауына орай ақтауды.
ҚК-нің аталған бабының санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. ҚК-тің 53-бабына сәйкес, іс бойынша жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде бұрын сотталмағандығы және жас баласының болуы танылады. Ауырлататын мән-жайлар айыптау актісінде көрсетілмеген.
К-нің 55-бабының 2-бөлігінің 2) тармағына сай, жазаны жеңілдететін мән-жайлар болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жаза мерзімі ҚК-тің тиісті бабында көзделген ең жоғары мерзімнің 2/3-нен асыруға болмайды делінген.
Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК 309-бабы 2-бөлігінің 2),3)-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, моральдық зиянды өндіру туралы талап қою ішінара қанағаттандырылды.
Үкім заңды күшіне енбеген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.12.2024, 17:13 53621
Павлодар облысында су құбыры жабдығының құнын 79 млн теңгеге артық көрсетілген
Достарға айту
Павлодар қаласының прокуратурасы 2 ауылда сумен жабдықтау желілерін салу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді.
Ай-Су Мелиорация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - ЖШС) жеткізген жабдықтың құны көтерілгені, сондай-ақ жалпы сомасы 79 млн теңгеге құрылыс-монтаж жұмыстарының сәйкес келмеуі анықталды, деп хабарлайды Павлодар облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Прокуратураның актісін орындауда Павлодар қаласының Құрылыс бөлімі ЖШС-ге мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану және көрсетілген соманы өндіріп алу туралы талап қойды. Жергілікті соттар талап арызды қанағаттандырудан бас тартты.
Облыс прокуратурасының өтінішхаты және Бас Прокурордың кассациялық наразылығын қарау нәтижелері бойынша Жоғарғы Сот серіктестіктен 79 млн теңге өндіріп алу және оны мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешім шығарды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
27.12.2024, 16:45ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Мемлекет басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады 27.12.2024, 17:14 119586Қазақстанда мәдениет қызметкерлеріне арналған алғашқы оңалту орталығы ашылды27.12.2024, 17:10 119561Мас жүргізуші - қылмыскер!27.12.2024, 17:00 119506Үкіметте Алматы қаласының экологиялық бағдарламасы талқыланды27.12.2024, 12:04 109826Алматыда ШОБ субъектілері арасында жаңа жылдық үздік безендіруге арналған байқау басталады
27.12.2024, 16:45 119876ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Мемлекет басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады27.12.2024, 17:14 119586Қазақстанда мәдениет қызметкерлеріне арналған алғашқы оңалту орталығы ашылды27.12.2024, 17:10 119561Мас жүргізуші - қылмыскер!27.12.2024, 17:00 119506Үкіметте Алматы қаласының экологиялық бағдарламасы талқыланды12.12.2024, 17:30 113921Үкімет Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді