30.01.2024, 16:06 19796

Қазақстандықтар Chia Tai Tianging қаржы пирамидасына 291 млн теңгеден астам қаржы салған

Қазақстандықтар Chia Tai Tianging қаржы пирамидасына 291 млн теңгеден астам қаржы салған
Сурет: Depositphotos
Қазақстандықтар Chia Tai Tianging қаржы пирамидасына 291 млн теңгеден астам қаржы салған, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.

 "Chia Tai Tianging" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің басшысы Telegram мессенджері арқылы жарнама таратқан.

Аса ірі мөлшерде ақша тарту мен қаржы пирамидасын жарнамалау фактісін ҚМА Ақмола облысы бойынша Департаменті тергеуде.

Көкшетау қаласындағы "Chia Tai Tianging" қаржы (инвестициялық) пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің басшысы инвесторларды тартқаны, сол арқылы жаңа салымшыларға тұрақты негізде ешқандай тәуекелсіз, кепілді кірісті уәде еткені, ол үшін заңсыз пайда тапқаны анықталды.

Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде қаржы пирамидасының айналымына азаматтардың жалпы сомасы 291 млн теңгеден астам ақшалай қаражаты тартылған.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда, ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны