08.01.2025, 16:08 7236

"Еңбек" РМК басшылары жемқорлықпен әшкереленді

"Еңбек" РМК басшылары жемқорлықпен әшкереленді

Еңбек" РМК басшылары жемқорлықпен әшкереленді, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдағы заң пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ІІМ ЖҚД бірлесіп Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен ҚР ІІМ ҚАЖК "Еңбек" ШЖҚ РМК басшыларын бірнеше рет пара алу бойынша әшкереледі.

Бас директордың орынбасары және оның қарамағындағы - құрылыс басқармасының бастығы мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқаны, орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны және олар бойынша ақы төлегені үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деп күдіктенеді.

Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны