Елімізде 560 шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын бұзу фактілері анықталды
Республика бойынша 560 шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын бұзушылық анықталды. Бұл аралық нәтижелер. Науқан 2024 жылдың 1 маусымында басталып, 31 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
ҚР КМ Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануға бақылауды күшейтті. Науқан мақсаты кеме жүргізушілердің шағын көлемді кемелерді және олардың тұрақтары үшін базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын, ішкі су жолдары бойынша жүзу қағидаларын және кемелерді қауіпсіз пайдалануды регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауын қамтамасыз ету.
Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары 1559 шағын көлемді кемені қарап, 560 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, 5,1 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салды.
Анықталған құқық бұзушылықтар:
- жеке құтқару құралдарынсыз кемелерді пайдалану (құтқару кеудешелері, белбеулер) - 204 жағдай;
- кеме жүргізушілерінің шағын көлемді кемелерді пайдаланудың өзге де қағидаларын бұзуы - 133 жағдай;
- шағын көлемді кемені, кемені басқаруға құқығы жоқ адаммен басқару - 61 жағдай;
- кемеден қоқыс пен басқа да заттарды шығару - 53 жағдай;
- белгіленген тәртіппен тіркелмеген кемені басқару - 36 жағдай;
- кеме құжаттары болмаған жағдайда кемені басқару - 34 жағдай;
- кеме жүргізушілерінің шағын көлемді кемелерді белгіленген жылдамдықтан асыруы - 23 жағдай;
- құтқару және авариялық құралдардың болмауы, толық жабдықталмауы немесе куәландыру мерзімі өткеннен кейін пайдалану - 10 жағдай;
- белгіленген тәртіппен тіркелмеген шағын көлемді кемелерді жүзуге шығару - 3 жағдай;
- жалған борттық тіркеу нөмірлері бар кемені басқару - 2 жағдай;
- кеме жүргізушісінің немесе кеме иесінің көліктік бақылау органдарына шағын көлемді кемемен болған көлік оқиғасы туралы ақпарат бермеуі - 1 жағдай.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ШАҒЫН ФЛОТ!" науқаны 2024 жылға арналған флоттағы апаттың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының бір бөлігі.
Бұл ретте, іс-шаралар жоспары шеңберінде Комитеттің аумақтық органдары жазғы кезең басталғанға дейін барлық өңірлерде кеме иелерімен, шағын көлемді кемелердің тұрақ базалары мен демалыс аймақтарының иелерімен шағын көлемді флотты қауіпсіз пайдалануды меңгеру заңнама талаптарын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.