30.12.2024, 17:15 17646

Елордалық полиция ең үлкен пәтер ұрлығы туралы айтты

Полиция қызметкерлері пәтер ұрлығына қатысы бар екі адамды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 2024 жылдың басында болған. Қаскүнемдер үй иесінің жоқтығын біліп, кілт таңдау арқылы оның пәтеріне кірген. Жаңа жылдық демалыстан соң үйіне оралған астаналық тұрғын сейфінің ашылғанын байқаған.

Одан құны 110 мың АҚШ доллары болатын Breguet Tourbillon, әрқайсысының бағасы 55 мың доллар Franck Muller және Daniel Roth, сонымен қатар мың долларлық Rado сағаттары ұрланған. Одан бөлек, сейфтен 650 мың теңге және 2 200 доллар жоғалған.
Полицейлердің жедел жұмысының арқасында күдіктілер құрықталып, олардың кінәсі толық дәлелденді.

Сот шешімімен олар әртүрлі жылдарға бас бостандығынан айырылды.

Жаңа жыл қарсаңында елордалық полиция азаматтарға мүлікті қорғау бойынша қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны