09.08.2024, 18:55 62111

Есірткі саудасымен айналысқан қазақстандық Армениядан экстрадицияланды

Бүгін ҚР Бас прокуратурасы және ҚР ІІМ Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аса iрi мөлшердегі психотроптық заттардың, сондай-ақ сол тектестердің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.

Бұған дейін қостанайлық полицейлер альфа-ПВП психотроптық затының және сол тектес–мефедронның заңсыз айналымына қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні әшкереледі.

Алайда оған қоғамнан оқшаулануға байланысты емес бұлтартпау шарасы таңдалуына байланысты ол тергеуден жасырынғандықтан, халықаралық іздеуге жарияланған.

Өткен жылдың қыркүйек айында аталған адам Ереванда ұсталып, одан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны