12.12.2024, 11:23 1131
ҚМА Қоспаевтың ҰҚТ қатысты тыйым тергеу жүргізілуде
Достарға айту
ҚМА сот үкімі бойынша тәркіленуге жататын тыйым салынған мүлікті заңсыз сату фактісі бойынша тергеу жүргізуде, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен.
⚡Еске салсақ, бұған дейін Агенттік "AV-Construction" ЖШС, "Стекольный завод" ЖШС, "Шалқар 17" ЖШС, "Бахар-А" ЖШС және басқа да кәсіпорындарды рейдерлік басып алу фактілері бойынша Қоспаевтың ҰҚТ қатысты тергеуді аяқтаған болатын.
Тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында сот құрылтайшысы Айдос Қоспаев болып табылатын "Nikolsky Investment" ЖШС тиесілі Алматы қаласындағы "Никольский" базарының аумағында орналасқан жер учаскесі мен мүлікке тыйым салған.
Алайда, ағымдағы жылдың қыркүйек айында "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ базасына жалған ақпарат енгізу арқылы базарды шетелдіктерге сату мақсатында бөгде адамдарға қайта ресімдеу жүзеге асырылып, шектеулер алынып тасталған.
Ағымдағы жылдың 5 қазанында құны 2,2 млрд теңге болатын мүлік пен жер учаскесі шетелдік инвесторларға одан әрі сату мақсатында бөгде тұлғаларға қайта ресімделген.
Агенттік алаяқтық үшін бұрын сотталған үш адамды анықтап, ұстады. Оларға қатысты сот санкциясымен "Қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Сондай-ақ, жалған құжаттар жасап, мүлікті иеліктен шығаруға ықпал еткен сыбайлас анықталды.
Тергеу жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
11.12.2024, 12:12 9486
Шымкентте есірткі сатушылар тобы ұсталды
Достарға айту
Шымкентте полиция есірткі сатушылар тобын ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция жедел іс-шаралар кешенін өткізу кезінде есірткі заттарын өткізумен айналысатын бес ер адамды ұстады.
Күдіктілердің бірінің үйінде арнайы желдету жүйесімен, жарықдиодты шамдармен, ылғалдылықты өлшеу құралдарымен, желдеткіштермен, термометрлермен және автоматты суару жүйесімен жабдықталған қарасора өсіру бөлмесі анықталды.
Фитолаборатория жойылып, өсірілген 46 қарасора бұталары мен құрал-жабдықтар тәркіленді.
Күдіктілерден 17 доза "синтетика" және 30 грамнан астам кептірілген марихуана табылып, тәркіленді.
Іс бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізілуде.
Күдіктілер қамауға алынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.12.2024, 12:09 9681
Түркістан облысында заңсыз алкоголь өндіретін цех анықталды
Достарға айту
Түркістан облысында полицейлер үйдегі жерасты цехын анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру бойынша жерасты цехының қызметін тоқтатты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер үйде заңсыз бизнес ұйымдастырған Сарыағаш ауданының тұрғынын ұстады.
Тінту кезінде қақпақтарды өңдеуге және штамптауға арналған аппарат, 300 бөтелке мөлшеріндегі дайын алкоголь өнімі, спирт-арақ сұйықтықтарын сақтауға арналған қақпақтар мен ыдыстар тәркіленді. Шығын шамамен 360 мың теңгені құрады.
Белгілі болғандай, жерасты цехы аудан аумағында үш ай бойы жұмыс істеген, ал оның иесі Түркістан облысының екі ауданының сауда орындарында өнімді заңсыз өткізіп отырған.
Осы факт бойынша барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Жиналған материалдар Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне заңды шешім қабылдау үшін жолданды.
Тәртіп сақшылары жедел алдын алу іс-шараларын жүргізуді жалғастыруда, сондай-ақ азаматтарды құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заң аясында жауапкершілік қарастырылғаны туралы хабардар етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2024, 17:32 17216
Солтүстік Қазақстан облысында екі қылмысқа күдікті тұрғын өз қолымен қазған жеркепеде жасырынған
Достарға айту
Солтүстік Қазақстан облысында екі қылмысқа күдікті тұрғын өз қолымен қазған жеркепеде жасырынған, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысындағы М. Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне мал ұрланғаны туралы арыз келіп түсті.
Белгісіз адам ауыл тұрғынының жылқысын ұрлап әкеткен. Қорадағы жануармен бірге ер-тоқым, жүген мен киіп жүрген пимасын да алып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел уәкілдер мен жылқының иесі қар үстіндегі ізге түсіп, 30 шақырымдай жүрді.
Іздер Булаево - Молодогвардейское автожолына жақын жердегі орман ішіне алып барды. Полиция қызметкерлері қалың бұталардың арасында қазылған жерге үстін жауып тұрғызылған, ішіне қолдан жасалған пеш орнатылған жеркепені байқады.
Ауданның 48 жастағы тұрғыны жылқы етін кесіп жатқан жерінде ұсталды.
Алдын ала болжам бойынша полицейлер күдіктінің осы қылмысты жасағанын білген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2024, 17:29 17481
Абай облысында шахтадан алтын ұрлаған топ ұсталды
Достарға айту
Абай облысында заңсыз алтын өндірумен айналысқан топ ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысының полицейлері ҚР ІІМ арнайы бөлімшесінің көмегімен Жарма ауданындағы шахта аумағынан құрамында алтыны бар кенді ұрлауға әрекет жасаған топты тоқтатты.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыстық топтың ізіне түсіп, төрт ер адамды ұстады.
Олардың жанынан металл іздегіштер, респираторлар, кен тасуға арналған қаптар және шамамен құрамында 3 келі алтыны бар кен табылып, тәркіленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2024, 17:17 17676
Қарағандыда есірткі саудасымен айналысқандар ұсталды
Достарға айту
Қарағандыда есірткі саудасымен айналысқандар ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қараша айының соңында облыстың полиция қызметкерлерімен прокуратураның бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 41 және 53 жастағы Қарағанды қаласының тұрғындары ұсталды. Ұсталғандар қала аумағында есірткі сатуды ұйымдастырды деген күдікке ілінді.
Жедел әрекеттердің нәтижесінде заңсыз айналымнан есірткі тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес алынған заттың 7,6 келі гашиш екені белгілі болды.
Күдіктілерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция есірткі заттарын сату ауыр қылмыс санатына жататынын және ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылып, 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске салады. Жыл басынан бастап Қарағанды облысы аумағында есірткі заттарын тарату және граффити арқылы жарнамалаудың бес дерегі анықталып, ұсталғандар жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ облыс аумағында ірі көлемдегі есірткі зертханасы жойылып, 1 тоннадан астам прекурсор мен 10 келіден астам дайын есірткі тәркіленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2024, 13:20 27306
Көлеңкелі су нарығына қарсы күрес: Жамбыл облысы бойынша "Қазсушар" филиалының директорлары тексеруден кейін қызметтен босатылды
Достарға айту
Жыл басынан Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ішкі аудит департаменті жүргізген тексеріс нәтижесінде 29 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Бұл жұмыстар судың "көлеңкелі" нарығымен, су саласындағы заңсыз әрекеттермен күресу және тәртіп пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылуда. Айта кету керек, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасы бойынша Ішкі аудит департаменті 9 айда 11 мекемеге аудиторлық тексеру жүргізді.
Мәселен, Жамбыл облысы бойынша "Қазсушар" филиалына жүргізілген тексеріс барысында су ресурстарын заңсыз пайдаланудың 10-ға жуық фактісі мен шаруалармен суармалы су беру келісімшарттарын жасау барысында заң бұзушылықтарға жол берілгені анықтаған болатын. Аудит қорытындысы бойынша мекеме басшысы мен Аса өндірістік аймағының басшысы қызметінен босатылды. Бұдан бөлек, филиал директорының орынбасары мен Қордай, Байзақ, Меркі өндірістік аймақтарының басшылары қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Аудит қорытындысы бойынша анықталған барлық заң бұзушылықтарға қатысты материалдар Бас прокуратураға жолданды. Сондай-ақ, министрліктің құзыретті құрылымдары мен ведомстволарына ұсынымдар мен тапсырмалар берілді",- деді Ішкі аудит департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2024, 12:22 27781
Түркістан облысының прокуратурасы синтетика тарататын дүкенді анықтады
Достарға айту
Түркістан облысының прокуратурасы құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлерімен бірлесе отырып "Телеграм" әлеуметтік желісінде талдау жұмыстарын жүргізіп, онда "Геркулес" атты синтетика тарататын чат-бот дүкенді анықтады, деп хабарлайды Түркістан облысының прокуратурасынан.
Арнайы іс-шаралар нәтижесінде "кладмендер" ұсталып, 3 кг синтетикалық дайын өнім "мефедрон" тәркіленді.
Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабымен 2 қылмыстық іс басталып, күдіктілер 2 айға қамауға алынды.
Сондай-ақ, дилерлер синтетикалық есірткіні таратудың жаңа әдісін қолдана бастады.
Атап айтқанда, кладмендердің ұялы телефондарын тексеру барысында интернет дүкендерінің бірі арқылы 255 мың теңге тұратын 5 300 магнит тапсырыс берілгені анықталды.
Магниттер синтетикалық есірткі заттарын скотчқа орап, металл негіздеріне жабыстыру арқылы кеңінен қолданыла бастады.
Осылайша синтетикалық есірткінің 133 млн. теңге болатын 5 300 дозасының таратылуы тоқтатылды.
Бұдан бөлек, күдіктілердің мобильді құрылғыларында заңсыз ақша транзакциялары жүзеге асырылатын криптографиялық әмиян табылды.
Оған қатысты параллельді қаржылық тергеп-тексеру жүріп жатыр.
Қазіргі уақытта прокуратураның сүйемелдеуімен жұмыс тобының қызметі жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2024, 11:42 27746
Талғар маңынан марқұм Шерзат Полаттың ағасының денесі табылды
Достарға айту
Талғардың шетінде кәмелетке толмаған адамды өлтіру ісімен байланысты ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Талғар қаласының маңында 30 жастағы ер адамның денесі табылды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол асылу арқылы өз-өзіне қол жұмсады.
Марқұм ағымдағы жылдың 4 қазанында қайғылы қаза тапқан кәмелетке толмаған Шерзат Полаттың ағасы екені анықталды.
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. Осы кезеңде қылмыстық сипаттағы қандай да бір белгілер анықталмады.
Марқұм Ш. Полаттың отбасы барлық уақытта полицейлердің қорғауында болғанын атап өтеміз. Марқұмның отбасына қандай да бір қауіп-қатер тіркелген жоқ. Күзетті жүзеге асырған қызметкерлердің түсіндірмелерінен ер адамның күзетілетін объектіден сағат 23:30-да шығып, жеке автокөлікпен кеткені анықталды.
Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
Қосымша мәліметтер олардың түсуіне қарай ұсынылатын болады.
Тек ресми дереккөздерге сенуіңізді сұраймыз және жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
12.12.2024, 11:23ҚМА Қоспаевтың ҰҚТ қатысты тыйым тергеу жүргізілуде 12.12.2024, 11:21 71Қазақстанның Жапониядағы жаңа елшісі тағайындалды12.12.2024, 16:33 1"KMG PetroChem" ЖШС Басқарма төрағасы тағайындалды
06.12.2024, 17:15 104336ІІМ көліктегі полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды05.12.2024, 22:16 Алматының үш жылдық бюджеті мектептерді сейсмикалық күшейту арқылы жаңғыртуды қаржыландыруды қамтиды97551Алматының үш жылдық бюджеті мектептерді сейсмикалық күшейту арқылы жаңғыртуды қаржыландыруды қамтиды05.12.2024, 22:11 97326LRT тәжірибелік бөлігінде жарты шақырым рельс төселді05.12.2024, 22:14 97311Алматыда 2025 жылы Баум тоғайын абаттандыру жоспарлануда06.12.2024, 17:02 88766Мәжіліс жаңа Бюджет кодексінің жобасын бірауыздан қабылдады
22.11.2024, 14:04 136471Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда22.11.2024, 14:08 136256Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда22.11.2024, 14:00 110826Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында "KAZ" және "KZ" жаңа индекстері бекітілді06.12.2024, 17:15 104336ІІМ көліктегі полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды22.11.2024, 11:55 100841Атырау облысында жұмысшы жастар слеті өтті