04.11.2024, 12:21 27526

Шымкентте есірткі заттарын жарнамалайтын 18 телеграм каналдары бұғатталды

Шымкентте есірткі заттарын жарнамалайтын 18 телеграм каналдары бұғатталды
Шымкент қаласының прокуратурасы заңсыз есірткі заттарын жарнамалау фактілерін анықтады, деп хабарлайды Шымкент қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасын орындау мақсатында қала прокуратурасы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз тұлғалардың есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналысатын телеграм каналдарын анықтады.

Атқарылған жұмыс нәтижесінде "Кибернадзор" жүйесі арқылы есірткі заттарын жарнамалайтын 18 телеграм каналдары бұғатталды.

Қала прокуратурасы бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны