31.01.2025, 12:45 1781

Шымкентте кәмелетке толмаған баланың мұрагерлік мүлкінің үлесіне заңсыз иелік ету фактісі анықталды

Шымкент қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған баланың мұрагерлік мүлкінің үлесіне заңсыз иелік ету фактісін анықтады, деп хабарлайды Шымкент қаласының прокуратурасынің баспасөз қызметінен.

Жүргізілген талдау нәтижесімен әкесі, қайтыс болған әйелінің мүлкін заңсыз рәсімдеп, баланың үлесіне заңсыз иелік еткені анықталды.

Прокуратураның талап арызы бойынша сот нотариалдық іс-әрекеттерді заңсыз деп танып, баланың мұрагерлік құқығын қалпына келтірді.

Әкесі алаяқтық фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен жауапқа тартылып, сот 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау прокуратура органдарының басым бағыттардың бірі болып табылады.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны