07.08.2024, 19:53 36081

"Әскери Құрылыс" АҚ бұрынғы вице-президенті жеті жылға сотталды

"Әскери Құрылыс" АҚ бұрынғы вице-президенті жеті жылға сотталды

Әскери Құрылыс" АҚ бұрынғы вице-президенті сотталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметнен.


Ағымдағы жылдың 5 тамызында әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы әскерлерді жайластыру бас басқармасының, "Әскери Құрылыс" АҚ лауазымды тұлғаларына, авторлық, техникалық қадағалау өкілдеріне және басқа да тұлғаларға қатысты үкім шығарды.

Әскери Құрылыс" АҚ бұрынғы вице-президенті А.Темірбаев, АҚ-нің учаске бастығы Т. Кабултаев, компания басшысы Е. Ибрагимова, Авторлық және техникалық қадағалау өкілдері А. Дощанов және Д. Шайпранов, Қосалқы мердігерлік ұйымның басшысы Г. Газезов және оның сенімді адамы А. Омаров Алматы облысы Сарыөзек гарнизонының әскери қалашығында кәріз-тазарту құрылыстарын күрделі жөндеуге бөлінген 491,6 млн теңгені жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.


Олар мүлкін тәркілеумен және мемлекеттік сатып алуға байланысты қызметпен айналысуға 7 жыл мерзімге тыйым салумен 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

ӘЖББ бастығының бірінші орынбасары Б. Әбдірахманов, күрделі құрылыс басқармасының бастығы Қ. Онлабаев және осы басқарманың офицері Б. Лесбаев немқұрайлылық үшін кінәлі деп танылды.

Үкім заңды күшіне енді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны