20.10.2023, 16:43 41146

Соңғы екі жылда алтын өндіретін кеніштерге заңсыз кіру фактісі өскен

2 жыл ішінде күзетілетін объектіге заңсыз кіру бойынша 8 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған
Соңғы екі жылда алтын өндіретін кеніштерге заңсыз кіру фактісі өскен, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасынан.  

Белгілі болғандай, Степногорск өңірінің аумағында "Алтыналмас" компаниялар тобына жататын алтын өндіретін кеніштер орналасқан.

Заңда көзделген жауапкершілікке қарамастан, Степногорск аймағының аумағында жерасты шахталарына заңсыз кірудің көптеген фактілері байқалады.

Соңғы 5 жылда шахталарға заңсыз кіргені үшін ӘҚБтК 506-бабы бойынша 4 295 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қайталап - 480 адам, 3 реттен артық - 100-ден астам тұлға тартылды.

Сонымен қатар, 2023 жылда шахталарда 3 заңсыз іздеушілер қаза тапты.

Мысалы, ағымдағы жылы бұрын осындай құқықбұзушылық жасаған заңсыз ізденуші жарылыс әсерінен қаза тапқан.

Сондай-ақ, соңғы 2 жыл ішінде күзетілетін объектіге заңсыз кіру бойынша 8 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Қауіпті өндірістік объектіге заңсыз кіру ӘҚБтК 506-бабы бойынша әкімшілік, сондай-ақ ҚР ҚК 269-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкелетінің және аталған баптың санкциясы жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделгенін ескертеміз.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны