20.10.2023, 14:13 39896

Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй қатынастары саласында бірқатар заң бұзушылықтар анықталды

Соттың шешімімен прокурордың талабы қанағаттандырылды
Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй қатынастары саласында бірқатар заң бұзушылықтар анықталды
Сурет: gov.kz
Прокурорлық тексеріс барысында жер учаскелерін және жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімдерін өткізу барысында пәтерлерді заңсыз ұсыну фактілері анықталды, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің лауазымды тұлғалары "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның талаптарын бұза отыра облыс орталығының бір тұрғынына жалпы сомасы 85 млн. теңгеге заңсыз 5 жайлы пәтерді одан алынған жалпы құны 39 млн. теңгені құрайтын құрылыстарымен бірге жер учаскелері үшін орнына берген.

Артынан жоғарыда аталған пәтерлер үшінші тұлғаларға сатылған. Қадағалау органымен сотқа пәтерлерді сату-сатып алу мәмілелерін жарамсыз деп тану туралы талап арыз берілді.

Соттың шешімімен прокурордың талабы қанағаттандырылды.

Бүгінгі күні сот актісі заңды күшіне енді, заңсыз алынған пәтерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде.

Басқа жағдайда, қала тұрғыны Заңның 109-бабының талаптарын бұза отыра құны 20,3 млн. теңгенің жайлы пәтерін жекешелендіріп алған, алайда өзі сол пәтерде тұрмаған.

Аталған әрекеттер салдарынан тұрғын үй қорынан мемлекеттің мүлкін заңсыз шығаруға әкеліп соқтырды.

Аталған факті бойынша бүгінгі күні Қылмыстық кодекстің 189-бабы "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, арнайы прокурорлармен тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сонымен бірге қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің лауазымды тұлғаларымен рет-ретімен пәтерлерді ұсынғанда және тұрғын үй алуға кезекті түгендегенде жүйелі бұзушылықтарға жол берілген.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жіберілген бұзушылықтарды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда.

 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны