08.01.2025, 12:00 7746

Сыбайлас жемқорлық үшін Алматы облысындағы ҚАЖД қызметкерлері сотталды

Сыбайлас жемқорлық үшін Алматы облысындағы ҚАЖД қызметкерлері сотталды
Қонаев қаласының соты №57 ҚАЖД мекемесінің бұрынғы бастығы П.Писарев және №12 ҚАЖД мекемесінің жедел бөлімінің бастығы Е. Бөлекбайға пара алу ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Алматы облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Алматы облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары жазасын өтеудегі сотталғандарға қамқор көрсету және оларға тыйым салынған заттарды бірнеше рет кедергісіз алып өту үшін пара алғанын дәлелдеді.

Сотпен тергеу барысында жиналған дәлелдемелер қарастырылып, П.Писарев келтірілген айыппен кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды, ал сотталушы Е.Бөлекбай келтірілген айыппен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылып, жазаларын қылмыстық атқару жүйесінің орта қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.

Бұндай прецедент сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жазаның бұлтартпастығын көрсетеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны